Министр Қазақстанда көшеде түкіруге тыйым салу ұсынысын қолдады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден қоғамдық орындарда түкіруге заң деңгейінде тыйым салу туралы сұрады.

«Еуропада мұндай нәрсе жоқ, ал бізде барлық аялдама, қоғамдық орын түкірікке толы», — деді журналистер.

Денсаулық сақтау министрі заңды түрде қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды қолдайтынын айтты.

«Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толық қолдаймын. (…) Сіздің ұсынысыңызды да қолдаймын. Бірігіп депутаттарға осындай бастама туралы айтуымыз керек шығар», — деді министр.

Министр ұсыныс талқылануы керек екенін айтты.

«Білмеймін. Қандай кодекс? Кодекске енгізу керек пе? Ұсынысыңыз туралы ойланайық. Кез келген тыйымға жаза болады. Әрине, мұны қоғаммен талқылау керек», — деп түйіндеді министр.

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік...