Алматыда электрсамокаттар үшін жылдамдыққа шектеу енгізілді

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада электрсамокаттарды пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бостандық ауданының тұрғындары әкіммен кездесу кезінде жаяу жүргіншілер жолында самокатпен қатты жүретіндерге шағымданды.

«Қалада самокаттарға қатысты шешім қабылданды, азды-көпті тәртіпке келтіруге кірістік. Бірақ заңның қабылдануын күтіп отырмыз, заңға өзгерістер мен толықтырулар биыл күзде қабылданады. Қала деңгейінде мердігерлермен меморандумға қол қойдық, олар қазірдің өзінде саябақ аумақтарынан шықты. Қазір осы үш ірі операторға арнайы автотұрақтарды қарастырып  жатырмыз. Бұл самокат мінетіндерге шектеулер. Тәртіпбұзушылар – осы ережелерді сақтамайтын қаланың жас тұрғындары. Меморандум аясында тамыздың аяғына дейін тәртіп әлдеқайда жақсарады деп сенеміз. Бірақ заң керек. Заң шыққанша бұл мәселені қаламыздың ішкі шешімдерімен қарастырамыз», — деді Досаев.

Қалалық мобилділік басқармасы басшысы Ғани Мырзахановтың айтуынша, Алматыда ортақ серіктестіктердің электрсамокаттарына қазірдің өзінде шектеу қойылған.

«Жылдамдық бойынша — сағатына 25 шақырым. Бұл сомакат тебуді енді үйреніп жүргендерге. Ал самокат тебуді үйренбегендерге сағатына шамамен 20 шақырым болады», — деді Мырзаханов.

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...

На повестке дня – развитие туризма

НА ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ПО ТУРИЗМУ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ С УЧАСТИЕМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ...

Как мошенникам удается обмануть образованных людей?

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК РАЗДАЕТСЯ В СЕРЕДИНЕ РАБОЧЕГО ДНЯ. ВЕЖЛИВЫЙ ГОЛОС...

Наследство: что необходимо знать?

Утрата близкого человека помимо эмоциональных переживаний влечет за собой...