Келестік көші-қон қызметінің полицейлері қарияның алғысына бөленді

Келес аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 74 жастағы қарт Жетпісбай Айтенов уақытша тіркеу үшін өтініш білдірді. Ол Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келіп, құжаттарын дайындап беруін сұраған. Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден іске кірісіп, шұғыл түрде 3 айға уақытша тіркеді. Сонымен қатар қарияны тұрғылықты тіркеу үшін және Қазақстан Республикасы азаматтығын жеңілдетілген түрде қабылдау үшін құжаттарын қабылдап алды. Полиция қызметкерлерінің тез әрі жылдам жұмыстарына риза болған қария өзінің ыстық ықыласын білдірді:
«Қазақстанға көшіп келгеніме 8 күн болды. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері менің құжаттануым үшін шапшаң әрекет етуде.Құжаттарымды қабылдап алып, дайындауға кірісіп кетті. Сондықтан рақметімді айтам. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!» — деді.
Құрметті облысымыздың тұрғындары! Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...