Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ұялы телефонының ұрланғанын хабарлады. Оның айтуынша, қалалық сауда орталығында орналасқан дүкендердің бірінде оның сөреде тұрған құны 100 000 теңге болатын «ОPPO А5» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын маңдағы аумақтар мен бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты. Осылай жан-жақты ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті әйелдің ізіне шықты. Сарыағаш ауданы көшелерінің бірінен ұсталған күдікті, АПБ-ға жеткізілді.

Белгілі болғандай, ұры оңай жолмен пайда табу мақсатында, қараусыз тұрған ұялы телефонды ешкімге білдіртпей жымқырып кеткен. Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Бөтеннің мүлкін ұрлауды болдырмау үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкін сақтауға шаралар қабылдауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...