Жаңа облыстардағы Сенат депутаттарын сайлау: үміткерлер туралы не белгілі?

Орталық сайлау комиссия мүшелері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлер туралы айтты. Сайлау 24 тамызға белгіленген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлығы 6 мандатқа үш өңірден 33 кандидат ұсынылды. Жетісу облысында 2 кандидатты облыстың Алакөл және Кербұлақ аудандық мәслихаттары ұсынды, қалғаны — өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Жетісу облысында бір кандидат және Абай облысында бір кандидат тіркелгенге дейін өз өтініші бойынша үміткерлігін алып тастады.

Қызмет салалары бойынша:

  • 10-ы коммерциялық құрылымдар қызметкерілері;
  • 12-і әкімдер мен мәслихаттар аппараттары қызметкерілері;
  • 8-і мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері;
  • 1-і саяси партия мен ҮЕҰ-да қызмет етеді.

Кандидаттардың 24-і Amanat партиясының мүшесі; 1-і «Ақ Жол» ҚДП мүшесі; 2-і партиясыз; 4-і партияға қатыстылығын көрсетпеген.

Гендерлік құрамы бойынша: 10 әйел және 21 ер адам.

Ұсынылған 31 кандидаттың: 10-ы тіркеуге қажет барлық құжатты тапсырмағаны; 3-і өздерін қолдауға қажет қол санын ұсынбағаны анықталды.

2022 жылғы 3 тамыз бойынша барлығы 18 кандидат тіркелген (әр облыстан 6 адамнан).

Қызмет салалары бойынша:

  • 11-і әкімдер мен мәслихаттар аппараттары қызметкерлері;
  • 4-і коммерциялық құрылымдар қызметкерлері;
  • 3-і мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар қызметкерлері.

Кандидаттардың 14-і Amanat партиясының мүшелері; 4-і партияға қатыстылығын көрсетпеген.

Гендерлік құрамы бойынша: 5 әйел және 13 ер адам.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу 3 тамызда сағат 18.00-де аяқталды.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.