12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жүйе жұмысы заман талабына сай жаңғыруда

Соттар биік белестерді елдің өсіп-өркендеуімен бірге бағындырып келеді. Саладағы реформалар адам игілігіне, олардың тұрмыс сапасы мен қауіпсіздігіне бағытталуда десек, Қазақстанда азаматтардың сот арқылы қорғалуына барынша жағдай жасалған.
Бұл ретте Қазақстан Республикаснының Жоғарғы Соты тарапынан атқарылып жатқан шаралар жетерлік. Солардың ішінде сот қызметінің тиімділігін арттыруда айрықша маңызы бар озық технологиялардың орны бөлек. Өйткені, халықаралық стандарттарға сай, заманауи жетістіктер сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етумен қатар, сот процестерінің созбалаңға салынуының жолын кесті.
Соттарда азаматтарға қажетті барлық қызмет «бір терезе» қағидаты арқылы жедел әрі сапалы көрсетіледі. Жүйедегі бірыңғай сот практикасын қалыптастыру, судьялар жұмысын одан әрі оңтайландыру, сондай-ақ, басы артық сот процедураларын жою мақсатында сот актілерінің жаңа форматтары енгізілді.
ҚР Жоғарғы Сотының «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы саланы жаңа белеске көтерді. «Түнгі сот», «Отбасылық сот», «Бітімгер-судья», «Татуластыру орталықтары», соттардағы фронт-кеңселер сияқты бірқатар пилоттық жобалар халық тарапынан жоғары қолдауға ие болды.
Тәуелсіздік алғалы сот процесін өткізу, сондай-ақ, сот актілерін жазудың жаңа мәдениеті қалыптасып, азаматтар құқықтарын сот арқылы қорғау деңгейі жандана түсті.
«Сот кабинеті» сервисі сот өндірісін жеңілдетумен бірге саладағы ашықтықты аттырды. Нәтижесінде халқымыз өркениет көшінен қалмай, электронды талап арыз беріп, соттарға қашықтықтан жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Бұл тұрғыда Қазақстан соттарының әлемдік пандемия кезінде де жұмысын тоқтатпай, халыққа онлайн тәртіпте қызмет көрсетуін атауға болады.
Қазіргі таңда соттарға «Судьяның интеллектуалды көмекшісі», «Сандық сот сараптамасы», «Сот өндірісін роботтандыру», «Жасанды интеллект» сынды заманауи қызметтер қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Мысалы, «Сандық сот сараптамасы» бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруымен құнды. Себебі, бұл сервис сот өндірісіндегі кез келген іс бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Ал, робот судья сот қарауынсыз шешілетін даусыз істерде сот актілерінің жобаларын дайындауға көмектеседі. Бұл жерде сот шешіміне судья қол қоятындықтан, конституциялық талаптар бұзылмайды.
Жасанды интеллект процеске қатысушылар құқығын сапалы қорғау мен сот тәжірибесін біріздендіруді қамтамасыз ететін қосымша құрал ретінде пайдаланылады. Мұндай жаңашылдықтар өз кезегінде ел азаматтарының конституциялық құқықтарының әділ қорғалуына кепіл болады.
Сот саласын жаңа деңгейге көтеру жолындағы игі бастамалар уақыт талабымен үйлестіріле отырып жетілдірілуде. Әсіресе, судьялардың өздері қабылдаған сот актілерін тараптарға түсіндіруі саланы заман талабына сай жаңғыртуда деуге толық негіз бар.
Бауыржан Лесбаев,
Бостандық аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...