Қазақстанда қандай жағдайда Ashyq қайтарылуы мүмкін?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «қызыл» аймақтағы өңірлерде Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып, кейбір қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру қажет болатын жағдайды атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Гиният «қызыл» аймақта денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмаққа сәйкес екі кезең бойынша шектеу шаралары қолданылатынын айтты. Бірінші кезеңде ауруханаға жатқызу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 25-тен 50-ге дейін артқанда, R саны 1-ден жоғары болады — кәсіпкерлік қызметті шектеусіз, жабық үй-жайларда және көлікте міндетті түрде маска тағу.

«Екінші кезеңде, R-ға қарамастан, егер ауруханаға жатқызу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 50-ден жоғары болса, нысандарда Ashyq қосымшасын міндетті түрде қолдану енгізіледі. Арнайы іс-шараларға байланысты бизнесте орындардың 50 пайызға дейін толтырылуын шектеу. Білім беру ұйымдарында қосымша шектеулер енгізу. Ұйым қызметкерлерінің 30 пайызын қашықтан жұмысқа ауыстыру», — деді Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Үкіметінің отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып, 20 маусымнан бастап республика бойынша коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсе бастағанын атап өткен болатын.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...