12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Еңбек келісімшарты — жұмыс алаңындағы қауіпсіздік пен заңдылық кепілі

Қоғамды нарық билеген заманда заң әрбір адамның тіреуі. Заңды білген,
өз құқығын қорғай алатын адам ешқашан сергелдеңге түспейді. Әсіресе, еңбек қарым-қатынастарын реттеуде заңға бағынудың, заң талаптарын басшылыққа ала отырып қадам жасаудың маңызы өте зор. Қандай жағдайда да азаматтар заң шеңберінде әрекет еткені абзал.

Мәселен кейбір азаматтар еңбек келісімшартын көрмей, жұмыс
берушінің талап-міндеттерімен таныспай жатып жұмысқа араласып кетеді.
Мұнысын олар арнайы кәсіп меңгермеуімен, көп уақыт жұмыс таппай
жүргенімен түсіндіреді. Ал еңбек келісімшарты — азаматтың еңбек алаңындағы
қауіпсіздігінің, құқығының жан-жақты қорғалуының кепілі. Қолында
келісімшарты жоқ азамат жалақы ала алмаған жағдайда өзінің еңбек еткенін
дәлелдей алмауы, айлығын қысқартса, ешқандай уәж келтіре алмауы, жұмыс
барысында оқыс жағдайға душар болып денсаулығына зиян келсе, ол үшін
ешқандай өтемақы талап ете алмай қалуы әбден мүмкін. Өкінішке орай,
еліміздің соттарында еңбек дауларына қатысты мұндай арыз-шағымдар аз емес.
Бұл жерде бір басы ашық мәселені айта кеткеніміз дұрыс. Күнделікті
статистика көрсеткендей, ірі өндіріс ошақтары, кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер еңбек дауларына жол бере қоймайды. Мемлекеттік мекемелерде
қадағалау басым. Ал ірі кәсіпорындар жылдар бойы жинаған абырой-беделінен
ажырағысы келмейді. Олардың табысы қоғамның бағасына байланысты
болғандықтан, жұмысшыларына мейлінше жағдай жасап, құқығын таптамауға
барынша назар аударылады. Осы ретте жұмысын енді бастаған шағын
кәсіпорындардың беделден бұрын табысты көбірек ойлайтыны аңғарылады.
Заңды түрде тіркелмей, табысын жасыратын, жұмысшылар санын нақты
көрсетпейтін, еңбекақыны жұмыстың көлемі мен күніне қарай төлейтін мұндай
жұмыс берушілерді қарауындағылардың денсаулығы, қауіпсіздігі
қызықтырмайды. Олардың еңбек келісімшартын жасамай жұмыс істеуінің бір
себебі де осы мәселелерге байланысты болса керек.
Десек те, еңбек келісімшартын жасамаған жұмыс берушілер үшін
жауаптылық бар. Ол үшін құқығы бұзылған азаматтар қол қусырып отырмауы
керек. «Мен ештеңені дәлелдей алмаймын» деп шарасыздық танытпай,
жанындағы жұмысшыларды куәлікке тарта отырып, өз мүддесін қорауы тиіс.
Заң алдында кез келген азаматтың құқығы теңдей. Еңбекке қатысты қарым-
қатынасты реттеуде де осы мәселеге ден қойған жөн. Әсіресе, қызмет
барысында азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян міндетті түрде өтелуі
тиіс. Бұл тақырыптың өзектілігі соңғы жылдары арта түсті. Өндірістік
жарақаттар мен кәсіби ауруға шалдыққан жұмысшылардың денсаулығына
байланысты зиянды өтеу тәртібі еліміздегі Азаматтық кодекс пен Еңбек
кодексін басшылыққа ала отырып жүргізіледі. Залал көлемін есептеуде
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деп аталатын заң да назарға
алынады. Азаматтық кодекстің 917-бабына сәйкес зиянның болуы; зиян
келтірілген әрекеттің заңсыздығы; әрекет пен пайда болған нәтиже арасындағы
себептік байланыс; зиян келтіруші кінәсінің аражігі заңға сәйкес анықталады.
Кодекстің 917-бабының 1-тармағы зиянды толық көлемде өтеу қағидатын
бекіткен.
Қызметкердің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян қалай
есептеледі? Бұл жалпы үлкен талас тудыратын мәселе. Сот денсаулыққа
келтірілген зиянды есептегенде кеткен шығын мен шеккен зардапты ескере
отырып ақылға қонымды сома белгілейді. Жұмыс берушінің материалдық
жауаптылығы Еңбек кодексінің 122-бабында толық көрсетілген. Яғни,
қызметкердің жұмыс барысында денсаулығын жоғалтып, зақым келгені
дәлелденсе, табыс және денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар
жұмыс берушіден өндіріледі. Жәбірленушінің емделуге, дәрі-дәрмек сатып
алуға, протез салғызуға, санаторий курорттық емделуге, басқа кәсіпті
меңгеруіне кеткен шығын толықтай жұмыс берушіден өндіріледі. Ал егер
жәбірленуші көмек пен күтімге мұқтаж болса және оларды тегін ала алмаса,
мұның шығыны да кінәсі дәлелденген жұмыс беруші тарапынан өтелуге
жатады.
Ержан Тоқтаров,
Алматы қаласы
Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың...