12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде ет бағасы тағы да қымбаттамақ

Қазақстанның ет одағы ет бағасының тағы да қымбаттауын болжап отыр. Қазірдің өзінде сиыр етінің бір келісі шамамен 4 мың теңге тұрады. Бұл бағалар әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан ет тұтыну жөнінен әлемде небәрі 49-шы орында.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуі делдалдардың кесірінен болып отыр. Себебі олар кейде бағаны 50%-ға дейін көтереді. Нәтижесінде қарапайым сатушылар да шығынға батпас үшін үстеме бағамен сатуға мәжбүр.

“Адамдар көбінесе арзанырағын сатып алады. Мысалы, төс еті, қабырғалар деген секілді. Енді баға көтеріліп жатса, біз де аздап өсіреміз”,- деді сатушы Гүлжан. 

Күзге арналған болжамдар бойынша арпаның бағасы көтеріліп, ірі ет инвесторлары тапшы болмақ, отандық өнім бұрынғы деңгейінде қалып, теңге әлсірейді. Сарапшылардың пікірінше, мұның бәрі алдағы айларда шығынның өсуіне әкеледі.

“Біз Қазақстанды өзіміздің сиыр етімізбен толық қамтамасыз ете аламыз. Импорт та келіп жатқандықтан бұл да бағаға әсер етеді”,- деді Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров.

Маман мемлекет жемшөп базасын ұлғайту шараларын қабылдамайынша, бағаның айтарлықтай төмендеуі байқалмайтынын айтты.

Үлкен фестивальдердің сахна артындағы өмірі: Skill All курсынан өткен қыздың оқиғасы

Бұдан бірнеше ай бұрын алматылық Ермек фестивальдерге тек қонақ...

IT-ден бастап визажға дейін: Skill All жобасы алматылық жастарға арманындағы мамандықты табуға көмектеседі

26 шілдеден бастап Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен...

Решая насущные вопросы

Общественный совет Алматы был создан в 2016 году в...

Миссия – честные выборы

Маслихат Алматы приступает к формированию новых участковых избирательных комиссий....