Қазақстанда телеарналар мен радио уақытша өшіріледі

20 шілдеде Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылы 20 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», — делінген ҚР АҚДМ хабарламасында.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер тоқтатылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады», — дейді «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...