Қызылордада жазасын өтеушілер жұмыс орындарынан тексерілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеушілердің жұмыс орындары тексерілді. Мекемеде жазасын өтеуші сотталғандар Қызылорда қаласы аумағында жеке кәсіпкерлерде, өндірістерде келісімшарт негізінде жұмыс жасайды.

ЗК-169/4 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Б. Қалиев сотталғандардың жұмыс орындарынан тексеріп, жұмыс орындарын өз беттерінше тастап кетуге, тыйым салынған заттарды қолдануға болмайтыны және мекемеге кешікпей уақытында келуі туралы түсіндірме жүргізді.

-Мекемедегі жазасын өтеушілер қала аумағындағы 31 кәсіпкерде жұмыс жасайды. Олар пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, көлік жөндеу орталығында, көлік жуу, арық тазалау, ішкі әрлеу жұмыстарымен, кірпіш, пескоблок , пеноблок өнімдерін шығарумен айналысады. Жуырда тағы төрт сотталғанды «Сәулет» ЖШС-на жұмысқа орналастырдық. Олар ішкі әрлеу жұмыстарын жасайды. Жұмыс жасау арқылы еңбекақыларынан мемлекет және жеке тұлға алдындағы берешектерін өтейді. Жұмыс істейтін сотталғанды күнделікті мекеме қызметкерлері жұмыс орындарынан тексеру жұмыстарын жүргізеді,-дейді әділет аға лейтенанты Бағлан Қалиев.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Состоялась встреча осуждённых женщин с представителем Совета матерей областного Дома дружбы

В учреждении минимальной безопасности области Абай состоялась встреча осуждённых...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...