12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің Азаматтық процестік кодексінен айырмашылығы

Ағымдағы жылдың 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі қолданысқа енді. Аталған нормативтік құқықтық акт, мемлекеттік органы мен жеке немесе заңды тұлғалардың араларында орын алатын жария құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Аталған даулар бойынша жауапкер ретінде тек қана мемлекеттік орган болып танылады. Қазіргі уақытта жаңа кодекс қолданысқа енгенге дейін бұндай дауларды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидаларымен қаралып келеді. 

Аталған Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, оларды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттеп, мемлекеттік, әкімшілік органдар, лауазымды, жеке және заңды тұлғалар Осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады. Әкімшілік рәсімдердің міндеттері: жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады. Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті: жария-құқықтық қатынастарда тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

Енді бұрын жария құқықтық дауларды реттеу механизмінен жаңа кодекстің айырмашылығы неде? Соған қысқаша тоқталып кетейін… 

Біріншіден. АПК — ол көп жағдайда жеке құқықтық қатынастарды реттейтін құрал. Мысалға, көршілері бір-бірінің жер учаскелерінің дұрыс орналаспауы немесе жеке тұлғалар арасындағы келісім шарттан туындайтын даулар. Бұл жерде АПК-нің басты қағидасы ол соттың алдында барлықтарының теңдігі, яғни тараптар қандай дәлелдеме келтірсе, сот тек қана осы ұсынылған құжаттарға баға беріп, сот шешімін шығарады. 

Ал әкімшілік сот ісін жүргізуге келетін болсақ, оның айырмашылығы сот тараптардың ұсынылған құжаттарына, дәлелдемелеріне, түсініктемелеріне қарамастан, істі толық қарау мақсатында басқа құжаттарды талап етуге құқылы. 

Екіншідн. Кодекс — Ол тек қана іс соттың әрекеті емес, онымен қоса мемлекеттік органның жеке немесе заңды тұлғадан өтініш түскен уақыттан бастап түпкілікті мемлекеттік органның өтініш бойынша шешім шығарғанға дейінгі әрекетін реттейді. 

Үшіншіден. АПК-нің нормаларына сай талап қоюшы арызында жауапкер ретінде кімді қоятынын өзі таңдайды. Егер сот отырысына дайындық жүргізу барысында арызда көрсетілген жауапкер тиісті емес жауапкер екені анықталса, сот талап қоюшыға осы жауапкерді ауыстыру туралы құқығын түсіндіреді. Егер талап қоюшы бұған келіссе, жауапкер ауысады, ал келіспесе осы жауапкермен іс негізінен қаралады. Ал Кодекс қағидалары тиісті емес жауапкерге талап қойылса, судья жауапкерді ауыстыру туралы құқығы түсінідіріліп, талап қоюшы өз кезегінде бұл құқығын жүзеге асырмай, одан бас тартса, соттың тиісті тұлғаны екінші жауапкер ретінде тартуға құқығы бар.

Төртінші. Соттың белсенді рөлі қағидасы. Бұл жаңа кодекстік ең маңызды қағидаларының бірі. Сот тараптардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Бұдан бөлек судья әкімшілік істің заңды тұстарына құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқығы бар. 

Бесінші. Ақшалай өндіріп алу процестік мәжбүрлеу шарасы. Ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады. 

Алтыншы. Әкімшілік сот ісін жүргізуде талаптың төрт түрі қаралатын болады: 1) дау айту жөнінде; 2) мәжбүрлеу туралы; 3) әрекет жасау туралы; 4) тану туралы. 

Дау айту жөніндегі талап қою бойынша –дәлелдеу міндеті әкімшілік актіні қабылдаған жауапкерге жүктеледі. 

Мәжбүрлеу туралы талап қою бойынша — дәлелдеу міндеті әкімшілік актіні қабылдаудан бас тарту үшін негіз болған фактілер бөлігінде жауапкерге және өзі үшін қолайлы әкімшілік актінің қабылдануы негізделетін негізделетін фактілер бөлігінде талап қоюшыға жүктеледі. Егер жауапкер нақты жағдайда талап қоюшы қалаған әкімшілік актіні шығаруды болғызбайтын іс жүзіндегі шарттардың болуына сілтеме жасаса, мұндай шарттарды дәлелдеу жөніндегі міндет осы  жауапкерге жүктеледі. 

Әрекет жасау туралы талап қою бойынша  сұратылып отырған әрекет жасаудан (әрекетсіздік танытудан) бас тарту үшін негіз болып табылған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы фактілер бөлігінде талап қоюшы дәлелдеуге міндетті; Тану туралы талап қою бойынша қандай да бір құқықтық қатынастың болуын немесе болмауын растайтын фактілер бөлігінде талап қоюшы және бұдан былай заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, сондай-ақ қандай да бір жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) құқыққа сыйымдылығын негіздейтін фактілер бөлігінде жауапкер дәлелдеуге міндетті. 

Бұл тұрғыда жауапкер әкімшілік актіде аталған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады. Егер барлық дәлелдемелерді зерттегеннен кейін әкімшілік істің нәтижесіне негізделген қандай да бір факт дәлелденбей қалса, онда әкімшілік істі қарау және шешу нәтижелерінің теріс салдарларын осы фактіні дәлелдеудің дәлелдеудің ауыртпалығын көтеретін тарап көтереді.      Қорытындылай келе, жоғарыда аталып кеткен, жаңашылдықтар Еуропаның дамыған елдерінің құқықтық тәжірибесінен алынған және бұл институт мемлекеттік басқару сонымен қатар, сот төрелігінің ашықтығына, сапасына, сот жүйесіне деген сенімнің жаңа деңгейіне жеткізеді.

Шымкент қаласының МАӘС баспасөз қызметі

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...