СЫРДЫҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРЫ

Өңірлер қимасында олимпиада жеңімпаздарының саны Қызылорда облысында жылдан жылға артып, көш басында келеді. Екінші жыл қатарынан облысымыздың ауыл мектептеріндегі 5-6 сыныптың жүзге жуық оқушысы еліміздің жетекші мектептерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алуда.

Биылғы оқу жылында «Мың бала» олимпиадасына қатысу үшін ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушыларынан 11 255 қатысушы тіркеліп, ең көп балл жинаған 903 жеңімпаз іріктелді. Олимпиаданың екінші кезеңде дарынды оқушылар академиялық білімге баға беретін компьютерлік тестілеуге қатысып, 209 бала олимпиада жеңімпазы атанды.

Министрліктің арнайы квоталарына сәйкес 6-сыныпты аяқтаған 28 жеңімпаз оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде білімдерін жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Олар Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға жолдама алып, еліміз бойынша қатысудың жоғары көрсеткішімен аймағымыз үздік үштіктен көрінді.

Ал 8-9 сыныптар арасында өтетін «IQanat» олимпиадаcына аудандар бойынша 3 847 оқушы тіркеліп, бақтарын сынады. Олимпиаданың II кезеңіне 697 оқушы өтіп, нәтижесінде Республикалық кезеңге 35 бала жолдама алып, оқушылар Нұрсұлтан қаласындағы Назарбаев университетінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өткізілген слетке қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша аймағымыздың 3 дарынды оқушылары «Iqanat High School of Burabay» мектебіне жолдама алса, 2 оқушы тарих пәні бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Гүлбану МАҚАЖАН, Қызылорда облысы

КЕРБУЛАКСКАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА ВОЗОБНОВИЛА РАБОТУ ПОСЛЕ КАПИТАЛЬНОГО РЕМОНТА

В области Жетісу продолжается модернизация инфраструктуры здравоохранения. После капитального...

КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Жетісу облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кербұлақ...

Қызылорда облысының Шалқия ауылында алғашқы үй шаруашылықтары жылдамдығы жоғары интернетке қосылды

Қызылорда облысының Шалқия ауылында алғашқы абоненттер жылдамдығы 100 Мбит/с...

Медицина болашағы: Қонаев қаласының дәрігері Қытайда роботтандырылған хирургияның озық тәжірибесін меңгеруде

Медицина кадрларының кәсіби дамуы, заманауи технологияларды игеру және халықаралық...