Полицейлер туысының телефонын ұрлаған жас жігітті ұстады

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауласында тұрған «Poco X3 Pro» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 200 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен бойда көрсетілген мекенжайға келді. Олар осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Оны тәртіп сақшылары 1 күн өтпестен, өзінің үйінен ұстады. Анықталғандай, жас жігіт жәбірленушінің туысы болып шықты. Ол қарыздарын жабу мақсатында ұялы телефонды ұрлап, оны ломбардқа өткізіп жіберген. Ақшасын бас пайдасына жұмсаған. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ұрлықтың алдын алу үшін тұрғындарға өз мүліктеріне сақ болуды ескертеді. Тұрғын үйлер мен ғимараттара бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады

Астанада Халықаралық жастар күні аталып өтті. Салтанатты іс-шара аясында...

Аида Балаева наградила победителей конкурса грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

В Астане отметили Международный день молодежи. В рамках торжественной...

Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле

       «Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле», «Сөз...

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...