Полицейлер көршісінің үйіне ұрлыққа түспек болған жас жігітті ұстады

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, түнгі сағат 04:30 шамасында оның үйіне белгісіз біреу ұрлыққа түспек болғанын, алайда үй иесін көрген ұры ойға алғанын жүзеге асыра алмай, қашып кеткенін жеткізді. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына келді. Полицейлер тұрғын үйден айғақты зат ретінде аяқ киімді тапты. Сақшылар үйге ұрлыққа түспек болған адамды анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жедел-іздестіру шараларын атқарды.

Полицейлердің тиянақты жұмыстарының арқасында осы қылмысқа қатысы бар жас жігіт ұсталды. Ол арызданушының көршісі болып шықты. Күдікті тұрғындардың ұйықтап жатқан уақытында үйге терезе арқылы кірген. Сезікті азамат өзіне қажетті заттарды ұрлау үшін кіріп, алайда тұрғындардың ұйқыдан оянғанын байқап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлерге, дүкендерге, ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар сыртқы есікті құлыптап жатуды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...