Полицейлер 16 жайт мал ұрлығына қатысы бар 3-еуді ұстады

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 1 бас жылқысының жайылымнан ұрланғаны бойынша шағым түсірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.

Хабарлама алысымен сарыағаштық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер өз тәжірибелеріне сүйене отырып, ұрылардың ізіне түсу үшін шұғыл және жоспарланған әрекеттерді жүзеге асырды. Мал жайылымдарына шығып, тиянақты тексерулерді ұйымдастырды. Көрген-білгендерден жауап алып, жан-жақты сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Өзбекстан елінің азаматын ұстады.

Тексеру кезінде күдікті жас жігіт өзімен бірге мал ұрлығымен айналысқан, яғни қылмысты ұйымдастырушы тағы 2 күдіктінің бар екенін айтты. Осыдан соң полицейлер қалған азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде оларды көп ұзамай қолға түсірді. Жалпы ұсталған азаматтардың екеуі Өзбекстан Республикасының азаматы болса, бір азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Тиянақты тексеру мен зерделеу барысында осы ұсталғандардың 16 жайт мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Ал шығын көлемі 10 миллион теңгеден жоғары екені белгілі болды.

Анықталғандай, күдіктілер қылмыс жасау барысында өз рөлдерін алдын ала жоспар бойынша орындаған. Мысалы басты күдікті мал жайылымында қараусыз жүрген жылқы, сиырларды байқаған бойда жүк көлігіне тиеп отырған. Содан сыбайласы екеуі ұрланған үй жануарларын сатып алушыларға, қасапшыға арзан бағада өткізген. Олар ұрлаған олжаларын «Газель» маркалы көлігімен тасымалдаған. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде күдіктілерден «Газель» көлігі мен 2 бас жылқыны тәркілеп алды. Дәл қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Түркістан Облысы ПД баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Бүгінгі күні жемқорлық қоғамымыздың ең өзекті мәселесіне айналып отыр....

Когда заложенность носа требует лечения: врач назвала симптомы, которые нельзя игнорировать

29 сентября отмечается профессиональный день врачей-оториноларингологов. ЛОР-заболевания болезни уха, горла...

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Қазақстан Еуропа экономикасында стратегиялық мәнге ие 34 шикізат түрінің...

«АҢШЫЛЫҚ МƏДЕНИЕТIН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАН»

Батыржан СЕЙДОМАР, Аңшылар мен балықшылардың «Аяла» ұлттық палатасының атқарушы...

ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ШЫҒАРУ: ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ТӘРТІП

Тұрғын үй – әрбір азаматтың өміріндегі маңызды әлеуметтік құндылықтардың...