Нұр-Сұлтан сотының төрағасы тағайындалды

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов ұжымға Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы Ақан Жұмағұловты таныстырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының 11 шілдедегі жарлығы бойынша, бұған дейін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Жұмағұлов елорданың қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Жүкенов елордалық соттың жаңа төрағасын таныстыра отырып, оны сот жүйесінде өзін жақсы жағынан көрсете білген, құқық қолдану тәжірибесі мен сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлетін жоғары білікті маман екенін айтты.

Сондай-ақ, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы сол Жарлық бойынша тағайындалған аудандық соттардың төрағаларын және елорданың қалалық сотының судьяларын таныстырды.

«Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып Дәуренбек Даумов тағайындалды. Нұр-Сұлтан соттың судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнар Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...