Түркістан полицейлері жасөспірім баланы тонаған күдіктіні ұстады

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келген. Ол арызында баласының велосипедін белгісіз біреу тартып алғанын көрсеткен. Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Күдіктіні ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, ашық түрде тұрғынды тонаған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды. Полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде Түлкібас ауданының жұмыссыз тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ полицейлер орта жастағы күдікті азаматты полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, жасөспірім бала түскі уақытта сиырын іздеп шыққан. Осы сәтте бейтаныс біреу велосипедін ашықтан-ашық алып қойған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрайды.
Бүгінде қолды болған жәбірленушінің заттары заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Беймезгіл уақытта жалғыз сыртта жүрмеу қажеттігін ескертеді. Егер, сіз, осындай жайттардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...