Жұмыс берушінің мүлкін сатып, ақшасын өз пайдасына жұмсап жіберген қойшы қамауға алынды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне келген жергілікті тұрғын, яғни әйел қойшысына берген квадроциклды таппай, арыздануға мәжбүр болғанын айтты.
Әйелдің арызын қабылдаған сақшылар, аталған жайт бойынша жедел әрекет етті. Тиянақты тексеру мен анықтау жұмыстарын жүргізді. Осылайша полиция қызметкерлері күдікке ілінген қойшының аталған қылмысқа қатысы барын білді. Олар қойшыдан жауап алып, оқиға орнын мұқият тінтіп шықты. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 000 теңгеге жуық.
Қылмысты ашу кезінде полицейлер малын бағуға сеніп тапсырған жәбірленуші әйелдің квадроциклын өз қойшысы жымқырып, сатып, ақшасын жеке басының пайдасына жаратып жібергені расталды.
Қазіргі таңда қойшы жігіт қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық барысы тергеу кезінде анықталады.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға біреуге өз мүлкіңізді сеніп тапсырудан бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізулеріңізге кеңес береді. Сонымен қатар өз мүлкін сақтауда қырағы болып, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...