12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылорда қаласындағы түзеу мекемесіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

08.07.2022 жылы Қызылорда қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Смағұл Бақытбек келіп, жеке құраммен кездесті.

Сыр өңіріне іс-сапармен келген депутат Смағұл Бақытбек алдымен мекеме ішін аралап, тыныс-тіршілігімен және жеке құрамның жұмыс барысымен танысып шықты. Содан соң, ҚАЖ департаменті және мекеме басшылығының қатысуымен жеке құрам арасында жиын өткізді. Жиын барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Смағұл Бақытбек алдымен өзінің келген іс-сапарының мақсатымен таныстырып өтті. Жеке құраммен әңгіме барысында депутат ҚР ІІМ-де жүзеге асырылып жатқан жобалар , атап айтқанда, ішкі істер саласының жұмысының сервистік моделге көшуі, “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы цифрландыру мен бюрократизацияны енгізуі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

Сондай- ақ, депутат өз сөзінде қаңтар оқиғасы кезінде төтенше жағдай уақытында жеке құрамға ел қауіпсіздігін сақтау жолында уақытпен санаспай қызмет атқарғандары үшін, ел қауіпсіздігін сақтау жолында қырағылық танытып, соның ішінде ерлермен иық тірестіре жұмыс атқарған нәзік жанды азаматшалардың уақытпен санаспай мемлекет мүддесі үшін қызмет атқарғандығына және сын сағатта ел тыныштығын қорғап, ел Тәуелсіздігін нығайту жолындағы адал қызметіне ризашылығын білдірді.

Мекекменің жеке құрамымен кездесу барысында депутат қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына көп мәнді өзгерістер мен толықтыруларды талқылады, сондай-ақ қызметкерлердің осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын тыңдады.

Сөзінің соңында конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығын және президентіміздің « Бірінші байлық- денсаулық» деп айтқан сөзін тілге тиек ете отырып, жеке құрамның күнделікті сотталғандармен жұмыс барысында азаптау, қорлау фактілеріне жол бермеулерін айтып ескертті.

Жиын соңында, ҚАЖ департаментінің бастығы міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторы, ЗК- 169/4 қауіпсіздігі аралас мекеме және ЗК- 169/1 қауіпсіздігі жоғары мекемелерінде бүгінгі таңда 1200 дей сотталған бар. Ал, департаментке қарасты 2 қалалық 7 аудандық пробацияда 1000 – ға жуық сотталғаннның есепте тұрғандығын айтты. Бұның ішінде түзеу мекемелері мен пробация қызметтерінде 400-ден астам аттестатталған қызметкерлер жұмыс жасайды. Президент тапсырмасына сәйкес, түзеу мекемелеріндегі «Соқыр аймақтарды» болдырмау үшін мекемелердің қызметтік үй-жайлары бейнебақылау камераларымен толықтай қамтылған деген мәлімдемені жеткізді.

Ж. Әбдіқайыров іссапармен келген халық қалаулысына алғысын білдіріп, мемлекет алдындағы өз қызметімізді тиісті дәрежеде атқару біздің абырой мен міндетіміз деп қорытындылады.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...