12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтарына визасыз режим ашты

Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтары үшін 14 күнтізбелік күнге визасыз режим ашты. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің Facebook-парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылдың 8 шілдесінен бастап Қазақстан Үндістан, Иран және Қытай азаматтарына біржақты тәртіпте визасыз режим ашады. Бұл ретте Үндістан мен Қытай үшін 72 сағаттық визасыз арнайы транзиттік режим өз жұмысын тоқтатты.

Визасыз режим шарттарына сәйкес, Үндістан, Иран және Қытай азаматтары Қазақстанға шекарадан өткен сәттен бастап 14 күнтізбелік күнге дейін визасыз кіріп, жүре алады. Іскерлік, жеке және туристік мақсаттағы саяхаттарға рұқсат етіледі», — делінген комитет хабарламасында.

Визасыз режимде Қазақстанда болу мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс екенін ескерген жөн. Бұл шартты бұзу мынадай әкімшілік жауапкершілікке әкеледі:

  • 10-нан 25 АЕК-ке дейін айыппұл;
  • 15 тәулікке дейін қамауға алу;
  • Қазақстан Республикасынан шығару;
  • 5 жылға Қазақстан Республикасына келуге тыйым салу (сот шешімі бойынша).

«Сонымен қатар, шетелдік азаматтарға визасыз режим шеңберінде еңбек және басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұл мақсаттар үшін қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлға) Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат пен визаны алдын ала алуы қажет», — деп түсіндірді комитет өкілдері.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...