12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Құқықтық мәдениет жемқорлыққа жол бермейді

Жемқорлықтың жолын кесу дүние жүзінде өзекті өзектілігін жоймай келеді. Бұл мәселе Қазақстанда да ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет туралы заңдар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен т.б. арнайы бағдарламалар, «100 нақты қадам» ұлт жоспары жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа барған мекеме басшысына,  заңсыз және арандатушылық әрекеттер жасаған қызметкерлерге жаза барынша қатайтылып, мемлекеттiк қызметшiлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мiндеті жүктелді. Өйткені, барлық сала жұмысында жемқорлықтың жолын кесу, яғни, адал қызмет көрсету, сол мекеменің қызметкерлеріне тікелей байланысты. Жоғарыда аталған заңдар мен бағдарламалар халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға бағытталған.
Жемқорлық көрінісін жоюға жәрдемдескен азаматтарға сыйақы беру заңмен қарастырылған, сондай-ақ, олардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етілген. Бұлардың бәрі жегіқұртпен күресте тиімді тетіктер. Десек те, елімізде жемқорлық құқық бұзушылық көрсеткіші азаяр емес.
Осы себепті, сыбайлас жемқорлықты болдырмауда құқықтық сауат пен мәдениетке баса мән беру керек. Яғни, кез келген жағымсыз құбылыспен күресуді әрбір адам өзінен, отбасынан бастаса, күтілген деңгейге жетеріміз анық. Мысалы, еліміздің әрбір азаматы «Мен еліме не беремін, осы қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін қандай үлес қосамын», — деген көзқараста болса, әлемдік мәселеге айналған кеселді жеңу мүмкіндігі артар еді. Таза қоғам отбасындағы тәрбиеден басталары талассыз.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында жемқорлыққа қарсы жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастау керектігі бекер жазылмаған. Өскелең ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін бала кезден қалыптастыру, оларды отансүйгіштік сезімде тәрбиелеудің қашанда маңызды. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі ең алдымен қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес өз кезегінде халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, түсіндіру жұмыстарының деңгейі мен сапасын арттырады. Бұған қоса жемқорлық, парақорлық іс-әрекеттерге барғандардың, мейлі ол лауазымды қызметкер, қарапайым жұмысшы болсын қылмысын әшкере етіп, БАҚ-тар арқылы жариялап отыру да кезек күттірмейді.
Өркениетті қоғамда өмір сүруді қалайтын әрбір адам қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделілік танытуы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа жұрт болып жұмыла қарсы тұруға үндейтін тиімді тетіктердің бірі – оның зиянын, сондай-ақ, мемлекеттің дамуына, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне келтіретін қауіп-қатерін ұдайы насихаттау екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Соттарға енгізілген озық технологиялар сала жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін арттырып, сыбайлас жемқорлықты болдырмауда тиімділігін көрсетуде. Мемлекеттік қызметкердің кәсіби этикасын мүлтіксіз сақтау басты міндетіміз. Конституцияда көрсетілгендей, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Сондықтан, заң нормаларын мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейінің алғы шарты болып саналады.
Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен елімізде адам құқығын сақтау сот биілігінің басты мақсаты. Демек, мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін адал қызмет ету біздің азаматтық борышымыз.
Гүлмира Айтжанова,
Алмалы аудандық №2 сотының судьясы
Алматы қаласы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...