Әлемде COVID-19 жұқтыру 2 аптада 30 пайызға өсті — ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемде коронавирус инфекциясының өршуі байқалып жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Iz.ru сайтына сілтеме жасап.

YouTube-тағы брифингте Гебрейесус соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 30 пайызға өскенін айтты.

«Еуропа мен Америкада аурудың басым бөлігі BA.4 және BA.5 штамдарынан. Сонымен қатар, Үндістанда жаңа штамм анықталды, оған бақылау жүргізіліп жатыр», — деді ДДСҰ басшысы.

Гебрейесус елдерді екпе науқанын, соның ішінде күшейткіш дозаны, қарт, созылмалы аурулары бар және иммундық жүйесі әлсіреген, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлері сияқты тәуекел тобына кіретін адамдар үшін тоқтатпауға шақырды.

Айта кетсек, кейінгі күндері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, тәулігіне 330-ға дейін өскен. 6 шілдеде Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа көшті. Нұр-Сұлтан «жасыл» аймақтың шегінде орналасқан.

Қазір Қазақстанда «омикрон 2-штамм», «стелс-омикрон», «дельта» — штаммның аз пайызы айналымда. Жақында жүргізілген зерттеу республика бойынша тексерілгендердің 78 пайызы «стелс-омикрон» штамын жұқтырғанын көрсетті.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...