Қазақстанда бензин мен дизель отынын елден шығаруға тыйым салынады

Қазақстанның энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері, сондай-ақ ҰҚК төрағасы елден бензин мен дизель отынын әкетуге жарты жылға тыйым салатын бірлескен бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат Қазақстан НҚА эталон бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.

«Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта. 

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 12 шілдеде қолданысқа енеді.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...