Алакөлдегі бірнеше демалыс базасынан өрт шықты

Алакөлдегі демалыс базаларының бірінен өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 4 шілдеде 23:20-да Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шыққан.

«Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілер база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ шамамен мыңнан аса шаршы метр. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жанып жатыр. Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар жұмылды. Күштер мен құралдар бойынша жалпы ақпарат анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

Демалушылар өздігінен үйлерден кетіп жатыр. Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алды.

Өрт орнына ШҚО ТЖД-дан қосымша 22 қызметкер мен 6 бірлік техника Ұлттық парктен 4 адам мен 1 техника келе жатыр.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...