Алматыда барлық аулаға камера орнату жоспарланып отыр

Алматыдағы барлық аулаға бейнекамера орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, сарапшылар, қала әкімі Ерболат Досаев қатысқан кездесуде айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды талқылау барысында Ерболат Досаев қаладағы қауіпсіздікті жақсарту үшін не істеу керек екенін айтты. Оның айтуынша, ол үшін қаланы толығымен бейнебақылаумен «қамту» қажет.

«2025 жылға дейін барлық көше мен ауланы жасанды жарық, ал 2030 жылға дейін Полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығатын бейнекамералармен қамтамасыз етеміз», — деді әкім.

Сондай-ақ, адам көп жиналатын жерлерде «SOS дабыл батырмасы» жедел аудио/бейне қоңыраулар жүйесі орнатылады.

Жол қауіпсіздігін жақсарту және өлім-жітімді азайту үшін жолдарға тағы 7,5 мың камера орнату жоспарланып отыр. Нақты уақытта трафикті талдау үшін көлік ағынының онлайн картасы жасалады.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...