12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 20 пайызға өскен. Ал азық-түлік емес тауарлар 13,2 пайызға өскен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Маусымдағы инфляция жылдық есеп бойынша 14,5 пайыз, бір айда 1,6 пайыз болған. 2022 жылғы маусымда азық-түлік бағасы былтырғы маусыммен салыстырғанда, 19,2 пайызға өсті», — делінген хабарламада.

Азық-түлік нарығында құмшекер 78,7 пайызға, қырыққабат 72,4 пайызға, пияз 69,3 пайызға өскен. Картоп бағасы 9,8 пайызға төмендеген.

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Бюро азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда 2021 жылғы маусымға қарағанда 13,2 пайыз болғанын атап өтті.

«Жеке пайдаланылатын тауарлардың бағасы 23 пайызға, тазалық құралдарына — 20,8 пайызға, тұрмыстық құралдарға — 19,7 пайызға, құрылыс материалдарына — 18,6 пайызға, жиһаз бен үйдегі керек-жараққа — 18,2 пайызға, автомобильдерге — 15,1 пайызға, ыдыс-аяққа — 13,9 пайызға, тоқыма бұйымдарына — 10,8 пайызға, фармацевтикалық өнімге — 9 пайызға көтерілген», — деді ведомство өкілі.

Ақылы қызмет бағасы бір жыл ішінде 9,2 пайызға өскен.

«Қоғамдық тамақтандыру қызметіне баға деңгейі 15,9 пайызға, денсаулық сақтау саласына — 14,7 пайызға, шипажайларға — 13,7 пайызға, кешенді демалысты ұйымдастыруға — 13,2 пайызға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметіне — 12 пайызға, қонақүйлерге — 5,7 пайызға өсті. Жолаушылар көлігі қызметі 4 пайызға қымбаттады», — деді бюро өкілі.

ТКШ саласында электр энергиясына тарифтер 7,5 пайызға өскен, қоқыс шығаруға — 2 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға — 1,4 пайызға өсті, ал орталық жылытуға — 2,3 пайызға, ыстық суға — 0,9 пайызға төмендген.

Су басқан аймақтағы тұрғын үйлерді қалпына келтірмейміз — министр Шарлапаев

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны салдарынан...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бұзылған құқық қалпына келтірілді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері...

ДЕПАРТАМЕНТОМ АГЕНТСТВА ПО ДЕЛАМ ГОССЛУЖБЫ ПО ГОРОДУ АЛМАТЫ ВОССТАНОВЛЕНЫ НАРУШЕННЫЕ ПРАВА

Согласно Закону «О государственных услугах» на Агентство Республики Казахстан...

Сотталғандар арасында ойын терапиясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Межуниверситетская олимпиада по французскому языку

Друзья прекрасен наш союз!           Олимпиада?  Да, во Франции,  Франция выиграла...