Қазақстанда ет не себепті қымбаттап жатыр? Министр жауап берді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін министр “Қазақстанда неге ет қымбаттап жатқанына” түсінік берді. Қарашөкеевтің айтуынша, министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер деңгейінде ет бағасын бақылап отыр.

«Кеше баға түсіп жатыр деп айтты. Көтерме баға өсіп жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша қатты өсім байқалмайды, біз бағаны ұстап тұрмыз», — деді ол.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, қазір басқа мәселенің шеті шығып тұрғанын айтты.

“Мал өсірушілер етті сатып алу бағасының төмен екеніне шағымдануда. Кеше тыңдау өтті, депутаттар осы мәселені қозғады. Мал өсірушілер еттің сатып алу бағасы тым төмен екеніне наразы. Сол үшін бізге жаңа нарық ашып, фермерлерге қолдау көрсетуіміз қажет», — деді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан өзін етпен толығымен қамтамасыз етеді.

«Баға деген үнемі өседі, бірақ қатты өсім жоқ», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...

На повестке дня – развитие туризма

НА ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ПО ТУРИЗМУ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ С УЧАСТИЕМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ...

Как мошенникам удается обмануть образованных людей?

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК РАЗДАЕТСЯ В СЕРЕДИНЕ РАБОЧЕГО ДНЯ. ВЕЖЛИВЫЙ ГОЛОС...

Наследство: что необходимо знать?

Утрата близкого человека помимо эмоциональных переживаний влечет за собой...