12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Құрметті мерзімді әскери қызметшілер!

Осы жақында Сіздер мектепті бітіріп, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының негізінде мерзімді әскерге шақыртылдыңыздар.

Нақты Сізге мемлекет тарапынан үлкен сенім білдірілді, әскери қызметтің ауырлығына моральді және физикалық жағынан төзімді тұлға ретінде Сіз көптеген достарыңыз және сыныптастарыңыз арасынан таңдалып алындыңыз.

Сіз білесізбе, өзінің Отанын қорғау — ол әр бір ер жігіттің және отаншыл азаматтың мемлекет алдындағы қасиетті борышы.

Ежелгі Қабанбай және Бөгенбай батырлардың, Сырым Датұлының, Амангелді Имановтың, Талғат Бегельдиновтың және Бауыржан Момышұлының заманынан бастап біздің қасиетті жеріміз егемендігіміз үшін күрескен батыр бабаларымыздың сенімді қорғауында болды.

Жау шапқыншылығы кезінде осы батырларымыз жоғарыдан берілген бұйрықтан емес, өздерінің ер жүректілігінің және отан сүйгіштігінің арқасында жауға қарсы шабуылға шығып отырған.

Қазіргі бейбітшілік заманындағы біздің Отан алдындағы міндетіміз ол әскери борышты адал және сенімді атқару.

Бұл тек үлкен жауаптылық емес, сонымен қатар, үлкен абырой болып табылады.
Әскери шыңдалудан өткеннен кейін Сіздер үлкен өмірге нық қадам басуға бейімделген, өмірде кездесетін қиыншылықтарға төзімді, тәртіптік тәжрибиесі мол тұлға болып шығасыздар.

Қолдарыңызда әскери билеттің болуы сіздерге келісім шарт бойынша әскери қызметті атқаруға немесе азаматтық жұмысқа тұруға кең мүмкіндік беретіндігі анық. Бар болғаны бір жылдың ішінде Сіздер кешегі жас өспірім баладан үлкен ер-азаматқа, тұлғаға айналасыздар.

20 жылға жуық бір Сіздер үшін өздерінің махаббатын аямастан, өсіріп тәрбиелеуге бар күшін салған ата-аналарыңыз Сіздерге үлкен үміт артып келеді.

Қазіргі таңда сіздер үшін ең бастысы мәселе – ол бүкіл өміріңізді өкінішпен өткізетін жастық шақтың ойланбай жасалған қателігіне жол бермеу.

Мысалы, егер Сіз өзіңіздің әскери қызметтеске ренжу нәтижесінде күш қолданатын болсаңыз, бұл әрекетіңіз қылмыстық теріс қылық болып табылады, яғни, жарғыдан тыс қарым-қатынастар деп аталады.

Аталған әрекет қылмыстық қудалауға және сотпен қаралып айыптау үкімін шығаруға жатады. Үкім шыққаннан кейін Сіз бұрын сотталған тұлға ретінде таныласыз, ал ондай адамдар мемлекеттік қызметке жұмысқа алынбайды. Коммерциялық ұжымдар да ондай адамдарға сенімсіздікпен қарайды және қиыншылық тудыратын тұлға ретінде қызметке алғысы келмейді.

Бұдан басқа, сотта айыптау үкімін шығару арқылы әскери қызмет атқарудан жалтару, өзіне-өзі дене жарақатын салу, әскери бөлімді өз еркімен қалдыру, өзге әскери қызметшілерді өзіне-өзі қол жұмсауға дейін апару және басқа да деректер бойынша істер қаралып жатады.

Мектеп жылдарын еске алып қарасаңыз, Сіз жоғарғы сынып оқушылары тарапынан ұрып-соғу әрекетінің болуына қарамастан, жоғарыда көрсетілген әрекеттерге бармайтынсыз.

Сіз оларға жауап қайтаратынсыз немесе достарыңыз және жақындарыңыздан көмек іздейтінсіз. Сол сияқты әскер қатарында да – Сіз басқа біреудің ұрып-соғуына, жығуына ерік бермеуіңіз қажет. Егер сізден біреу ақша немесе байланыс бірлігін (единица) талап етітін болса, қорқытатын немесе ұрып-соғатын болса – бұл жағдайдан шығудың әр-қашанда жеңіл жолы бар.

Біріншіден – сіз бұл жағдайды өзіңіздің командирге баяндаңыз.

Екінші – егер сіз өзіңіздің командирге сенім танытпайтын болсаңыз, онда әскери полициясының, әскери тергеу басқармасының және әскери прокуратура органдарының сенім-телефондарына қоңырау шалыңыз.

Бұл Сіздің сөз тасуы әрекетіңіз емес, бұл өзіңіздің заңды құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызды қорғау әрекетіңіз. Есіңізде болсын, бұл өмірде ешкімнің Сізге қатысты қысым көрсетуге және Сіз үшін шешім қабылдауға, өміріңіз бен денсаулығыңызға қиянат келтіруге құқығы жоқ.

Сонымен қатар, егер Сіздің және жүретін қызыңыздың арасындағы қарым-қатынаста қиыншылық туындаса, ол үшін мойымаңыз. Сіз әскери борышыңызды өтеп жүрген уақытта кетіп жатқан қыз, ол оның Сізге лайықты еместігін, өмірлік дос, келешек жар болуға жарамсыз адам екендігін көрсетеді. Ал сіздің өміріңіз әлі алда, нағыз сізге лайықты өмірлік серігіңіз міндетті түрде алдыңыздан шығады. Тек өзіңіздің әскерден үйге оралғаныңызды елестетіп көріңізші.

Сіз өзіңіздің ауылдың немесе қаланың жолымен келе жатырсыз, дене бітіміңіз шыныққан, денсаулығыңыз мықты, өзіңізге сенімді ер жігітсіз. Алдыңыздан шыққан ата-анаңыз, ағайын-туыс-бауырларыңыз қуанып сізді қарсы алуда, достарыңыз қызығып, ал қыздар осы бір жас жігітке көз тоймау қарауда.

Өміріңіз әлі алдыда, онда қызықты да қуанышты күндер көп болады.
Сол себепті, Сізге деген қарым-қатынасы бірінші жел соққанда құлайтын қыз үшін өзіңіздің және туыстарыңның өміріне балта шабуға болмайды – бұл нағыз ер-жігіттің әрекетіне тән қылық емес.

Сонымен қатар, әскер қатарында тас бауыр болмаңыз. Сіздер бір-бірлеріңізге көмектесіп, қиыншылық туындаған жағдайда қол ұшын берулеріңіз керек, қызметтестер арасында сенімді дос және қадірлі азамат ретінде танылуды мақсат етіңіз. Бүгінгі таңның әскерді басқарып жүрген барлық генералдары өз қызметін Сіздер сияқты қатардан бастаған. Өздерінің мықты мінезінің, қайтпас-қайсарлығының нәтижесінде алдарына қойған мақсаттарына жеткен. Өмір кейде бізге қиыншылықтар тудырады, алайда бұл жағдай бізді тексеру және мінезімізді шыңдау үшін болатын дүние.

Бүгін сіз үшін қиыншылық тудырған жағдай, ертең қарапайым жағдай болып көрінеді.
Есіңізде болсын, барлық қиындық тудыратын жағдайдың өз шешімі бар, тек ол үшін барлық үмітті үзіп, ойланбай жасалатын әрекеттерге баруға болмайды.

Сіздерге әскери борышты нағыз ер жігітке лайықты өтеуді, ар-намысты қолдан бермеуді тілеймін!

Алматы гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Т.Б.Саткен

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...