12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылорда облыстық сотында «Судья және сот қызметкерлері күні» аталып өтілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы қаулысына сәйкес, мерекелер тізбесі толығып, 24 маусым «Судья мен сот қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі болып белгіленді.

Биыл алғаш рет атап өтілетін бұл мереке қарсаңында Қызылорда облыстық сотында салтанатты шара болып өтті.

Салтанатты шараны Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Шығамбаев ашып, алғашқы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде аталған мерекенің маңыздылығына, сот жүйесінің даму тарихы мен жеткен жестістіктеріне тоқталды.
Одан кейін, ардагер судья А.Әнуарбеков сот ұжымына мерекемен құттықтап ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірсе, Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы М.Еркінбеков сот билігінің қоғамдағы алар орны, сот жүйесіндегі елеулі оқиғалар туралы айтты. Мұнан соң сөз алған Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы С.Сүлеймен сот ардагерлерін, судьялар мен қызметкерлерін төл мерекемен құттықтай отырып, соттағы жаңашылдықтар, жеткен жетістіктер төңірегінде және сот тарихы мен бүгінгі күннің үндестігіне тоқталды.

Шараның негізгі бөлігі – мерекелік марапаттарды табыстау сәтінде ең жоғарғы судьялық марапат – Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш Би» төсбелгісі отставкадағы судья Ә.Жаубасаровқа табысталса, «Судьялар Одағының Құрметті мүшесі» төсбелгісімен отставкадағы судья А.Сайдуллаев, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен отставкадаға судья Б.Қиязов, Қызылорда облыстық сотының судьясы К.Қаниева, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен отставкадағы судьялар Т.Ғани, Е.Сматұлы, А.Әнуарбеков, М.Имандосов, З.Нұрсейтовтер марапатталды.
Сондай-ақ ҚР Судьялар Одағының Орталық Кеңесінің «Жеті Жарғы» төсбелгісі отставкадағы судья Ғ.Шыңғысоваға, Қызылорда облыстық сотының судьялары Н.Қосановқа, Е.Тұрбаевқа және Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаевқа тағылды.

30 жылдан астам сот саласында мүлтіксіз қызмет атқарып, зейнетке шыққан К.Ақжанова «Сот жүйесінің ардагері» медалін иеленсе, қызмет атқаруда үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен зейнеткер Ұ.Шабарова, Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Б.Нәлібаева, Қазалы аудандық сотының бас маман сот отырысының хатшысы М.Асанова, Қармақшы аудандық сотының бас маманы Р.Бейсенова, Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас мамандары Н.Нұрахметова, Ш.Жүсіпова, Жалағаш аудандық сотының жетекші маманы Г.Байкенжеева марапатталды.
Сонымен қатар үстіміздегі жылғы қаңтар оқиғасында мемлекеттік мүлікті өрттен жанқиярлықпен қорғап, ерекше ерлік көрсеткені үшін «Сот жүйесінің үздігі медалі» Соттар әкімшісінің бөлім басшысы Е.Раушанбекұлы мен Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Ж.Тойшиев марапатталса, мамандандырылған тергеу сотының сот приставы Б.Изенов пен соттар әкімшісінің қызметкері Н.Ыбыраевқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының «Құрмет» грамотасы табысталды.

Мұнан бөлек бірқатар судьялар мен сот қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» мерекелік медалімен, Қызылорда облыстық соты төрағасының «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», ҚР Судьялар Одағының Орталық Кеңесінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен’, Облыс әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының, Соттар әкімшісі басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Мерекелік жиында жаңадан қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсімі өткізіліп, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...