Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекетке өтеді

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан GPC Investment компаниясы республикалық меншікке өтеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, «GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты текшесіне 1,15 миллиард метр газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы.

«Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты GPC Investment компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына беріледі.

Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — дейді үкіметтегілер.

От созидания – к новым горизонтам

НА Х КУРУЛТАЕ МЕЖДУНАРОДНОГО ОБЩЕСТВА «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА...

Цифрландыру сот жұмысының тиімділігін арттырды

Заман алға жылжыған сайын, оның тәртібі де, талабы да...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз...

Жоғары академиялық көрсеткіш-мемлекеттік қызметке жол ашатын мүмкіндік

Жоғары оқу орнын аяқтап, кәсіби жолдарын бастауға дайындалып отырған...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке және...