12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдары ауыз толтырып айтарлық жаңалықтар аз болған. Кеңес одағының шекпенінен шыққан елдің қалай жанданып, жаңғырғанына барша әлем куә болды. Бүгінде Қазақстанды әлем мойындаған. Біздің елмен әріптестік байланыс орнатуға барлық мемлекет ниетті. Мұндай сенімнің орнығуына Қазақстандағы татулық пен бірлік, қауіпсіздік пен әділдіктің ықпал ететіні ақиқат.

Соның ішінде елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етуде күштік құрылымдар мен сот саласында ауқымды реформалар орын алды. Тәуелсіздік жылдарында сот саласы дамудың даңғыл жолына түсті. Азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғаудың тетіктері жан-жақты жасалды.  Сот корпусына білікті мамандарды тарту, судья тәуелсіздігін нығайту, сот жұмысын жандандыру бағытындағы бастамалардың нәтижелі болуына республикалық Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің көмегі аз емес.

Жалпы судьялардың басын біріктіретін, сот жұмысындағы ізденістер мен іркілістерді талқыға салатын, әріптестердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін ортаның керектігі үнемі айтылып, орындалуын күтіп жүрген болатын. Осындай бір ұйымды құру қажеттігі судьялар арасында жиі айтылатын. Көпшілік көкейінде жүрген мәселе 1996 жылдың 19 желтоқсанында ел судьяларының алғашқы съезінде шешімін тапты. Осы мәртебелі жиында судьялардың мәселесін көтеретін, судьялардың жоғын жоқтайтын, судьяларға қолдау көрсететін, судьялардың басын біріктіретін бір ұйым құру қажеттігі көпшілік талқысына түсіп, нәтижесінде республикалық Судьялар одағы қоғамдық бірлестігі өмірге келген еді. Міне осы айтулы бірлестіктің тынымсыз қызмет етіп келе жатқанына 25 жыл толған екен. Мерейлі дата Қазақстан Республикасы тәуелсіздінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ширек ғасырда Судьялар одағы көптеген игі істерге, ілкімді жобаларға  мұрындық болды. Әр өңірде Судьялар одағының филиалдары құрылды. Олар жыл сайын судьялар мен сот мамандарын ынталандыру, бірлігін нығайту мақсатында түрлі байқаулар, сайыстар мен спартакиадалар ұйымдастыруда. Мұндай шаралар ұжымның ынтымағын арттырып, бір мақсатқа біріктіретінін тәжірибеден көруге болады.

 Сонымен қатар, Судьялар одағының жетекшілігімен әрбір төрт жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан судьялар съездерінің де маңызы жыл өткен сайын артуда. 1996 жылдан бері республика судьяларының басын қосқан сегіз съезд өткен екен. Осы басқосулардың бәрі сот жұмысын жандандыруға, судьялар қызметіне байланысты өзекті мәселелерді шешуге ықпалын тигізді.

Н.Серикова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...