Қаржы пирамидаларын жарнамалау: Сенат заңға түзетулерді қабылдады

Сенат екінші оқылымда қаржы пирамидасын құруға жауапкершілікті күшейту туралы заңға түзетулерді мақұлдады. Заң жобасы Қылмыстық кодекске жаңа, «Қаржылық, инвестициялық пирамидаларды жарнамалау» туралы бап енгізуді ұсынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Заң жобасының мақсаты — қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін жауаптылықты күшейту, сондай-ақ азаматтарды қаржылық пирамидаға тартуға алып келген ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты заңнамалық реттеуді қамтамасыз ету», — дейді сенаторлар.

Заң жобасына сәйкес, қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

  • қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құрғаны және оларға басшылық жасағаны үшін жазаны қатаңдату;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамида ақпаратын айтарлықтай залал келтіре отырып, оған адамдарды тартуға алып келген жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрондық ақпараттық ресурстар арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалағаны үшін тергеуге жататындығын айқындау болып табылады.

Заң жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:

  • азаматтарды қаржылық (инвестициялық) пирамидаға тарту, оның ішінде қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру жөніндегі қылмыстық пиғылдың алдын алу;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметінен зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендету.

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Маршрут Север — Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит

Казахстан продолжает развивать транспортные коридоры, связывающие рынки Азии, России...

Контейнерные перевозки по Среднему коридору выросли на 58% за год

Объем контейнерных перевозок по Транскаспийскому международному транспортному маршруту (ТМТМ),...