«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан жұмысшылардың отбасына 10 жылдық жалақы төледі

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 10 маусымдағы апат кезінде қаза тапқан металлургтердің отбасына он жылдық жалақы төледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, компания зардап шеккендердің балаларының оқу ақысын төлеуге, отбасыларына баспана алуға көмектесуге міндеттеме алды.

«Ешқандай материалдық қолдау отбасылардың қайғысын жұбата алмайды. Соған қарамастан, компания отбасыларға барлық қажетті қолдауды көрсететініне жеке өзім сендіремін», — деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир.

Әр отбасына он жылдық жалақыдан бөлек, компания әрбір балаға 18 жасқа дейін немесе жоғары білім алған жағдайда 23 жасқа дейін ай сайынғы сақтандыру төлемін төлейді. Қажет болған жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына баспана алуға көмектеседі немесе біржолғы өтемақы төлейді. Үйді жөндеуге қаражат береді немесе ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін төлеп береді. Серіктестік кәсіпорындарында әйелдері мен балаларын жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Әйелдері мен балаларына санаторийлер мен балалар лагерьлеріне жыл сайын жолдамалар береді.

Еске салайық, 10 маусымда металлургиялық зауытта «Құрылысмет» ЖШС-нің («АрселорМиттал Теміртаудың» еншілес кәсіпорны) соғу-престеу цехындағы термиялық пешті демонтаждау кезінде пештің шатыры опырылған болатын. Үйінді астында бес жұмысшы болған. Төртеуі қаза тауып, біреуі аман қалған еді.

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...

На повестке дня – развитие туризма

НА ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ПО ТУРИЗМУ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ С УЧАСТИЕМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ...

Как мошенникам удается обмануть образованных людей?

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК РАЗДАЕТСЯ В СЕРЕДИНЕ РАБОЧЕГО ДНЯ. ВЕЖЛИВЫЙ ГОЛОС...

Наследство: что необходимо знать?

Утрата близкого человека помимо эмоциональных переживаний влечет за собой...