12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЛАМГЕР

Жақсы бір адам жайлы толғаудың жауапкершілігі ауыр. Артық айту, асыра айтудың салмағы жазушыға емес, ең алдымен кейіпкерге жүк. Сондықтан да, бізге бүгін ұлы Абайдың «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрегі» өлшем болсыншы. Ыстық қайратты – көрмекке, білмекке ұмтылу десек, нұрлы ақылды – жүрекке сәуле түсіріп, рухани кемелдену, ілім-білімге кенелу, жылы жүректі – иман ұялаған жан нұрымен бөлісу, шәкірт тәрбиелеу, ұрпақ өсіру деп тәпсірлейді ғалымдар. Осы үш өлшемнің үдесінен көріну күллі адамзат, саналы ғұмыр иесі ұмтылатын ең мәртебелі құндылық. Біз айналамыздан саналы, бейсаналы түрде осындай бір ізгі жандарды іздейміз, кездесе қалып, дәмдес, тұздас болып, марқайып жатсаң оны дәл Абай өлшеміне шендестірмесең де жақсы адам, көкірегі ояу, көзі ашық азамат деп риза көңіліңмен ой қорытасың. Осындай бір жаны жомарт, білгені мен көргені кемел жандардың бірі – Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ.

1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан бергі еңбек жолына үңілгеннен-ақ Бейбітбек Бүркітбайұлының қарапайым ауыл жұмысшысынан басталған ізденісі оны жазуға таласы бар көп қаламгердің бірегейіне айналдырды. Журналистикадағы алғашқы қадамынан туған шығармалары мен баспасөз бетіндегі мәнді мақалалары бүгінде Жалағаш аудандық «Жаңадария» газетінің мұрағатында білікті маман еңбегін айшықтап тұр. Бейбітбек аға журналистика төріне өзінің адал еңбек, маңдай терімен, үздіксіз ізденіс, тоқтаусыз жұмысымен озды. Адал еңбектің нағыз қараторысы газеттегі жұмысын корректорлықтан бастап, тілші, бөлім меңгерушісі, аудандық баспахана директоры секілді қызмет сатыларынан өтті. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін біздің кейіпкеріміздегідей төзім мен сабыр журналистикадай мәртебелі мамандықпен ұштасқанда ол адамның кәсібилікке жақындайтыны белгілі. Оған жастық амбицияны қосыңыз.

Бейбітбек Бүркітбайұлы кеңестік журналистиканың көп кезеңінің куәсі. Қазақ журналистикасының қалыптасу дәуірін басынан өткере жүріп, қазақ журналистикасындағы талай корифейлермен замандас, әріптес болған азамат. Бұның бәрі Бейбітбек ағаның кәсібилігін шыңдады, аймақтық, республикалық басылым журналистерінің арасындағы беделін арттырып, ізденісін тереңдетті. Журналистикаға араласа бастаған жылдарын еске алған бір тұста ол кісі кеңестік кезеңді бастан кешірсе де қазақ журналистикасының ықпалы зор болғанын, халықтық проблемаларды көтеру мен жеткізуде әділетшіл, талапшыл болғанын айтады. Журналист назарына іліккен мәселе өз шешімін көп жағдайда тауып жататынын да жеткізеді. Оның осы жауынгер жанрдың бір шетінде жүргенін, жас маман ретінде елдік маңызы бар көп мәселені көтергенін, жазған дүниесі оқырман назарына ілігіп, оң шешімдерін тауып жататынын оның бүгін архив құжаттарына айналған мақалалары дәлелдейді.

Ол кезде мерзімді басылымдардың беделі өте жоғары болды. Жергілікті атқарушы билік баспасөздің көтерген мәселесімен санаса отырып, әрбір жазылған сынды жауапсыз қалдырмайтын. Журналистің қаламына ілінген келеңсіздікті шұғыл зерттеп, сыннан нәтиже шығатын. Сондықтан журналистерге деген көзқарас та бөлек еді. – Жалағаш аудандық «Жаңадария» газетіне қызметке келген жылы аудандық партия ұйымының бірінші хатшысы Қ.Қазантаевтың қолдауымен екі бөлмелі пәтер алдым. Әлеуметтік тұрғыда қолдау бар, демек еш алаңсыз еңбек ету керек.

Осылайша жергілікті басылымдағы шығармашылық ортада жүріп, журналистік жұмыстың қыр-сырына қанығып, көп тәжірибе жинақтадым. Ол кезеңде негізгі өндіріс орны саналатын баспахана қызметінің экономикалық маңызы ерекше болатын. 1986 жылдан бастап аудандық, ал 1989–1999 жылдар аралығында облыстық баспаханаға басшылық еткен уақытымда талап деңгейіне сай өнім көлемін арттырумен қатар, онда еңбек етіп жатқан жұмысшыларға лайықты жағдай жасауды да басты назарға алдық, – дейді Б.Бүркітбайұлы. Республикалық «Алтын орда», «Заң газеті», халықаралық «Қазақстан Заман» газеттерінде де Б.Бүркітбайұылының қолтаңбасы сайрап жатыр. Қалың бұқараның мұң-мұқтажы мен аймақ халқының ауыр тұрмыс-тіршілігін ашық айтып, талай өзекті жайлардың оң шешімін табуына атсалысу кәсіби ғана емес, азаматтық өлшем де. Бейбітбек Бүркітбайұлы журналистикадағы бұл белесті де абыроймен жүріп өтті. Республикалық құқықтық, қоғамдық-саяси «Заң газетінде» ардагер қаламгердің құқық мәселелерді қаузаған көптеген мақалалары жарық көрді. Еңбек дауларын зерттеді, қысым көргенге қарымды қаламымен қалқан болды. Бүгінгі таңда да қаламгер «Бейнеттің зейнеті» деп қол қусырып қарап жатқан жоқ. Қоғамда, өз айналасында болып жатқан әрбір оқиға, жағдай ол кісінің назарынан тыс қалмайды. «Журналистика қиындығы мен қызығы қатар жүретін жұмыс. Жалпы, журналист барлық саланың тыныс-тіршілігінен хабардар болуы керек. Бұл мамандықтың тағы бір ерекшелігі – жасың ұлғайса да жұмысың тоқтамайды. Қаламың қолыңда, қоғам үшін маңызды мәселе болса бейтарап қалмай, қай уақытта да араласуыңа болады. Ал, басқа мамандықтарға келсек, зейнеткерлік жасқа жеткенде жұмысы өз-өзінен тоқтайды» – деп өз кәсібін мақтан етеді ардагер. Бейбітбек Бүркітбайұлы журналистикадағы маңызы зор мақалаларымен қоса, өзінің шығармашылығын да бір сәт тоқтатқан емес. Қазіргі уақытта «Алаңжар» мен «Зәнзіл зар» деп аталатын екі өлеңдер жинағының авторы. Оның сыршыл өлеңдері сезімге, достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге үндейді. Автор кей тұстарда өнегелі өмірін сырттай бақылап, өз таразысында өлшейді. Ондайда, мынадай көркем шумақтар өріледі. – Сағым болып, бал бұлақтан өпкен леп, Тұра бермес табиғат та көктем боп. Болса-дағы өктемсіген бектер көп, Ала шапқын күндер босқа өткен жоқ.

…Кешегі күй, кешегі ән, жыр қандай, Не көрмеді лажсыздан бұл маңдай? Мәңгі өмір – теңізі жағасында Халіміз бар, қайық күтіп тұрғандай, – дейді. Бейбітбек Бүркітбайұлының елге сіңірген өлшеусіз еңбегі елеусіз қалған жоқ. Бүгінгі таңда ардагер ҚР мәдениет қайраткері, «Қазақстанның Құрметті журналисі», «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Ақпарат саласының үздігі», Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарының иегері. ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қызылорда облысының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бейбітбек Бүркітбайұлы қызметтік ортада ғана емес, өз отбасы, ағайын-туыс, дос-жарандарының ортасында да сыйлы, қадірлі азамат. Жұбайы Күлайша Көшербаева білім саласының үздігі, құрметті ұстаз, қазіргі таңда зейнеткер. Екеуі бір қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірген. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, балалары қазіргі таңда әр салада абыройлы қызмет етіп жүр. Қос ардагердің 11 немересі бар. Қазақта: «Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы», «Еңбегіне қарай – құрмет, Жасына қарай – ізет» – деген аталы сөз осындайда айтылса керек. Мерейлі 70 жасы тұсында Бейбітбек Бүркітбайұлына зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Рухани кемелденген адам ретінде ізгіліктің ілімін шашып, жас ұрпаққа үлгі бола беріңіз!

Өмірдерек:

Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ 1952 жылдың 16 маусымында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының болса бейтарап қалмай, қай уақытта да аралаЛенин ауылдық кеңесінде дүниеге келген.

1960–1970 жылдары Жалағаш ауданындағы «1 Май» ауылдық кеңесіндегі №32 орта мектебінде оқыған. 1979 жылы С.М Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолы 1970 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында басталып, 1971 жылдан бастап баспасөз саласында жалғасқан. 1971–1987 жылдары Жалағаш аудандық «Жаңадария» газетінде корректор, тілші, бөлім меңгерушісі, аудандық баспахана директоры, 1987–2000 жылдары Қызылорда облыстық баспаханасының директоры, «Яксарт» және діни-танымдық «Шырағдан» газеттерінің бас редакторы, 2000–2019 жылдары республикалық «Құқықтық Қазақстан», «Алтын орда», «Заң газетінің» және «Қазақстан Заман» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 1980 жылдан бастап Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақ журналистикасының қайраткері. Қазіргі уақытта Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамының құрылтайшысы. Ұлт тағдыры республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы директорының орынбасары

Жадыра ҚҰРМАНБАЙ

Қазақстандағы су тасқыны: қазіргі уақытта не белгілі?

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.

Қырғызстанда TikTok-қа кіруге шектеу қойылды

Шешім шығаруға TikTok тарапынан "Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" ҚР Заңын сақтамау негіз болғаны айтылды.

Жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін көлік жүргізушілері өмірінде не өзгереді?

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қандай өзгерістер енгізілді.

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Қазгидромет Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.

Антикор: Қазақстанда 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

Арнайы ХҚКО-ларға жүргізілген жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша бюджетке түсетін түсімдер 10,6 миллиард теңгеден 91,3 миллиард теңгеге дейін ұлғайды.