Ерболат Досаев Алматыны дамыту жоспарының негізгі басымдықтары жобасын ұсынды

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланы дамыту жоспарының негізгі басымдықтары жобасын талқылауға ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта қордаланған мәселелерді, халықаралық тәжірибені, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін, Алматының тарихи ролін, оның мәртебесін, экономикалық әлеуетін және ағымдағы ахуалды ескере отырып анықталған қаланы дамытудың қысқа және орта мерзімді басымдықтары көрсетілген.

Құжаттың мазмұны Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары мен оның 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары, Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспары және Алматы агломерациясын 2030 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары сынды жобаларды одан әрі пысықтау мен қабылдау үшін негізге алынбақ.

Жоба 7 бөлімнен тұрады:

  • «Жайлы қалалық орта»,
  • «Тұрақты экономикалық өсу»,
  • «Басқарылатын урбанизация»,
  • «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық»,
  • «Жасыл Алматы»,
  • «Смарт сити»,
  • «Қауіпсіз қала».

Құжатты әзірлеуге түрлі қызмет салаларынан 40-тан аса тәуелсіз сарапшы, оның ішінде экономистер, урбанистер, экологтар, қаланы жоспарлаушылар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер және басқалар қатысқан.

«Біз қаланың болашақ дамуын әр түрлі саладағы белсенділермен және сарапшылармен талқыладық, тұрғындарымыздың мыңдаған өтініштеріне талдау жасадық, қала өмірінің барлық салаларының жағдайын зерттедік.

Бұл — Алматыны жақсы білетін және жақсы көретін, оның өзгеруін, одан әрі дамуын және сапалы өсуін қалайтын 40-тан астам тәуелсіз сарапшылар жұмыс жасаған біздің ұсыныстарымыз», — делінген әкімдік үндеуінде.

Құжат жобасы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында жарияланған. Құжат 1 шілдеге дейін жалпы талқылауда болады.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...