12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бақытты отбасы – Отанның көркі

Халқымыз қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлт болашағынан тығыз байланыстырып, отбасы бірлігіне баса көңіл бөлген. Сондықтан, елдегі әрбір отбасы түтінінің түзу шығуына, шаңырақтың шайқалмауына көп болып атсалысқан.
Осы бір жақсы үрдіс соңғы жылдары қоғамымызда қайта жаңғыртылуда. Мұның дәлелі ретінде ел соттары тарапынан атқарылып жатқан игі істерді айтуға болады. Солардың бірі Жоғарғы Соттың бастамасымен тәжірибеге енген «Отбасылық сот» пен «Отбасы орталығы» жобалары.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жанұяны сақтау мен отбасы институтын нығайтуда отбасылық сот пен орталықтың көздеген мақсаты бір. Яғни, арнайы мамандардың біріге жұмыс істеуімен отбасылық дау-жанжалды өзара бітімгершілікпен бітіріп, балалардың ата-анасымен бірге өмір сүруін қамтамасыз ету.
Неке бұзу туралы талап арыздарда судья дауды жанұя мүшелерін моральдық күйзеліске түсірмей бітіруге бар күш-жігерін жұмсайды. Отбасылық дауларға психолог, адвокат, сондай-ақ, медиатор тартылады. Мәселен, судья баланың тұрғылықты жерін, жеке тұратын ата-ананың онымен кездесу тәртібін, күтіп-бағу бойынша алимент мөлшерін анықтау, мүлікті бөлуге қатысты дауларды қарап, тараптарға дауды бейбіт келісімге келу арқылы реттеу жолдарын түсіндіреді. Сондай-ақ, ол дауды мән-жайы бойынша шешіп қана қоймай, ерлі-зайыптыларды ортақ мәмілеге келтіру үшін барлық шараны қолданады.
Ал, ортақ мүлікпен байланысты дауда медиатор, кәмелетке толмаған балалар болған жағдайда психолог қатысады. Бұл өз кезегінде бала жүйкесіне салмақ салмай, тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік туғызуда. Дауды шешудегі қиындықтар көбінесе тараптарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде басталады. Ерлі-зайыптылар әдетте бірін-бірі тыңдағысы келмейді. Оларды келісімге келтіріп, отбасын сақтап қалуда үлкен тәжірибе керек.
Отбасындағы әрадам жеке тұлға, осы себепті, неке бұзуда әрбірінің тағдыры ескеріледі. Олардың заңмен қорғалған өз тәуелсіздігі мен құқығына ешкімнің де қол сұғуға қақысы жоқ. Дегенімен, соттар жоғарыда айтқанымыздай, мұндай істерде екі жақты татуластыру ұстанымын берік ұстанады. Өйткені, отбасылық соттарда баланың мүддесі мен қалауы, алдыңғы орынға шығады. Тараптарға сотта ойлануға уақыт беріледі. Осы уақыттың оларды райынан қайтаруда маңызы зор. Даудың себеп-салдары анықталып, тығырықтан келісіммен шығуларына бағыт-бағдар беріледі.
Сот тәжірибесінен байқағанымыз, ерлі-зайыптыларда ортақ дағды, ортақ қызығушылық, қарапайым тілмен айтқанда ортақ әңгіме жоқ. Мұның соңы екеуінің бірін-бірі түсінбеуіне, ажырасуға алып келеді. Көп жағдайда олардың бір-бірімен ашық сөйлеспеуі мәселені одан әрі ушықтырып жіберетініне куә болудамыз. Ажырасу мәселені шешпейтініне, екі ортада балалары зардап шегетініне көздерін жеткіземіз. Нәтижесінде екі жаққа кетуге бел буғандар бірін-бірі тыңдап, өз ойларын, өкпе-наздарын толық айтады. Қандай жағдайда да түсінісуге деген алғашқы қадам сөйлесуден басталатынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Отбасылық дауларды сотта немесе соттан тыс шешу тәсілдерінің негізінде отбасы құндылықтары дәріптеліп, жанұядағы жарасымдылықты арттыратын шаралар қабылданады. Осының арқасында қаншама ошақтың оты қайта лаулап, түтіні түзу шығуда. Әрбір отбасының соттан жарасып шығуы бізді үлкен қуанышқа бөлейді.
Татулық пен тыныштықтың орнығуы ұлт тәрбиесінде ерекше маңызға ие десек, ата-анасының ауызбіршілігі мен береке-бірлігі салтанат құрған жанұяда балалары да бақытты өмір сүреді. Қоғамда бақытты отбасылар көбейген сайын Отанымыздың да көркейе түсері анық.
Анар Толықбаева,
Ақтау қалалық №2 сотының судьясы
Маңғыстау облысы

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...