12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Қазақстан Полициясының 30 жылдығын салтанатты түрде атап өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы 23 – маусым Қазақстан полициясының 30 жылдығын салтанатты түрде атап өтті.

Салтанатты іс- шараны ашқан Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Руслан Уразбаев, ҚАЖ қызметкерлерінің деніне саулық, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік тіледі.

Мерекелік шарада Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің дамуына үлес қосып, басшылық қызметте болған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің мүшелері: сала ардагерлерінің еңбегі қалыс қалмады: «Қазақстан Полициясына – 30 жыл» төс белгісі 1994 – 1997 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарған запастағы ішкі қызмет полковнигі Куанов Асылбек Оңдасынұлына, 2010 — 2011 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарған запастағы әділет полковнигі Нурписов Куаныш Уәлиұлына, 2018 — 2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарған запастағы әділет полковнигі Куписов Мирбулат Нұрмұханұлына, сондай- ақ Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы запастағы әділет подполковнигі Баймағамбетов Сақыткерей Әбілшінұлына, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығының орынбасары әділет полковнигі Илюпов Бақытжан Ахметұлына және 2021 жылы қараша айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты КА- 168/1 мекемесінде іздеуде жүрген сотталған Нұржановты ұстау кезінде қырағылық танытып, қызметтік міндеттерін адал атқарған Ақтөбе облысы Полиция департаментінің №1 қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шанбаев Ержан Талғатұлына табысталды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қызмет атқару барысында жақсы көрсеткіштері үшін және Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай «Әділет майоры» арнайы атағы мерзімінен бұрын Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Шалқар аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны Аймбетова Ақгүл Серікқызына және атқаратын лауазымынан бір саты жоғары «Әділет подполковнигі» арнайы атағы Хромтау аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Есенжолов Ерболат Жәнібекұлына берілді.

«Қылмыстық – атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен КА-168/1 мекемесінің тергеу изоляторы бастығының жалпы сұрақ жөніндегі орынбасары әділет майоры Алдажаров Жұбаныш Талғатұлы, «Қылмыстық – атқару жүйесінің үздігі» төс белгісімен ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Наукенов Азамат Рахметоллаұлы марапатталды.
ҚР ІІМ Грамотасымен Ақтөбе қаласының Астана ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Ирмагамбетова Альбина Аймагамбетова марапатталса, КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімнің аға бақылаушысы әділет старшинасы Көнекбаев Сансызбай Көнекбайұлына ҚР ІІМ- нің Алғысы, ал ҚАЖ комитетінің Алғысы КА-168/2 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің әділет майоры Арықбаев Асылбек Сәбитұлы және Ақтөбе қаласының Астана ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Егенов Әлібек Біләлұлына берілді.

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатымен әділет подполковнигі Сабржан Нұртазин, әділет майорлары: Абылайхан Кусаинов, Мұрат Маликов, Руслан Тулегенов, Мейрам Дильмұхамбетовтер, әділет капитаны Гүлнар Избагамбетова мен Ержан Турин, әділет старшинасы Мәди Сандыбаев, әділет лейтенанты Дархан Дүйісов және әділет аға лейтенанты Айдос Әбсәт марапатталды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, Қылмыстық- атқару жүйесі саласының имиджін көтеруде және дамуына зор үлес қосып келетіні үшін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының Алғыс хатымен департаменттің баспасөз хатшысы Төремұратова Гүлфайруз Дүйсенғалиқызы және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің басшысы Мұқашовтың алғыс хатымен департаменттің жетекші маманы Абинова Гаухар Асылбекқызы марапатталды.

ҚАЖ қызметкерлерінің көңілін марқайтып, мерекелік көңіл- күй сыйлаған іс- шарада сөз алған ҚАЖ саласының ардагерлері бүгінгі атаулы мерекемен ҚАЖ қызметкерлерін құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Салтанатты шара соңында қатысушылардың назарына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұжымының күнделікті қызметі бойынша дайындалған бейнеролик ұсынылды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу ерекшеліктері

           Азаматтық процестік кодексі азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу...

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...