12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қылмыскер келін атандым

Созақ пробациясының есебінде тұрған сотталған келіншек өзінің мұңын айтты.
Отбасындағы ұрыс-керіс келіспеушіліктер әйел адамның қалыпты жағдайына ауыр соққы. Отбасылық ұрыстың түрі көп. Үйлену тойы аяқталғаннан кейін, жаңа отаудың өзіндік телехикаясы басталады. Екі отау егелерін – жас жұбайлар дейді. Жаңа шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылар жаңа жаратылған тіршілік секілді, осал әрі морт сынатын болып келеді. Шаңырақ көтерген екі жас отау иелерінің айырылысуының көбі осы бастапқы бес жылдық кезеңде орын алады екен. Ажырасудың салдары неде? Себебі, шаңырақ көтерген жас отбасы иелерінің келіспеушіліктері, бір-бірімен санаспауы, бірін-бірі түсінбеуі, әрбір сөзді өзіне жақын қабылдауы үлкен дауға алып келіп соғады. Осындай отбасындағы ұрыс-керістен шаршаған Жамал мұңын кімге шағарын білмей дал болды.

Оның енесі жас келінді «қылмыскер келін» деп күндейді екен. Себебі, ол тұрмысқа шықпай тұрып Ақтау қаласында жұмыс істейтін. Жамал жұмыстан кейін құрбыларымен кешкі серуенге шығады. Сөйтіп, қасындағы құрбыларының бірі танысымен сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласады. Жамал өзінің құрбысына жақтасып, қыздарды ажыратпақ болады. Бірақ, ол әрекетінен ешқандай нәтиже шықпайды. Сөйтіп, бір-біріне жұдырық жұмсаған аруларды полиция қызметкерлері келіп ажыратады. Содан не керек, Жамал 2020 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі, 1 және 3 тармағымен кінәлі деп танылып 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылады.

Жамалдың басына осындай ауыр күн туғанда ата-анасы үйде байыз тауып отыра алмай Ақтаудан ауылға алып келеді. Содан бері ол Түркістан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Созақ пробациясының есебінде тіркеуде тұр. Өзне сот жүктеген міндетті мінсіз орындауға тырысып жүрген Жамал күзде болашақ күйеуімен танысады. Екеуінің сөзі бірден жараса кетеді. Жігіті көп ұзамай қызға үйленуге ұсыныс жасайды. Бірақ, ол өзінің басынан өткен жағдайын айтып, отбасын құруды тоқтата тұру керектігін ашып айтады. Үйленуге шешім қабылдаған жігіт Жамалдың жасаған қателігін бетіне баспайтынын және ата-анасы да ол жайында сөз қозғамайтынын айтып ант-су ішеді. Жүрегі нәзік қыз сүйген жігітінің сөзіне сеніп, екеуі шаңырақ көтереді. Алғашқы айларда бәрі керемет болды. Енесінің де мінезі өте ауыр болып көрінді. Жамал да өзінің таңдауына қуанып жүретін. Жаздан кейін күз, ал күзден кейін қаһарына мінген қыс келеді емес пе?! Сол секілді, Жамалдың отбасындағы бақытты күндері алты айға ғана созылды. Жарты жылдан кейін ене мен күйеуінің бет-пердесі шешіліп, шынайы болмысы су бетіне қалқып шыға келді. «Қылмысыңды ешкім бетіңе баспайды» деп уәде еткен күйеуі Жамалдың жасаған қателігін айтып бастаса, ал енесі оның әрбір ісін жақтырмай сөзбен түйреп отыратын болды.

Жас келінге үйге келген қонақтар да екі көзімен атып жібердей қарай бастады. Айына екі рет тіркеуге баратын пробацияға да жібермейтінді шығарды. Жамалдың соңғы кезде мінезінің өзгергенін бірден байқаған Созақ аудандық ПҚБ аға инспекторы әділет аға лейтенанты А.Кәдірбекова Жамалды шақырып өзімен сөйлесті.

Пробация қызметіне тіркелген әрбір адамның қажеттілігін біліп, оған қолымыздан келгенше көмек беру біздің басты міндетіміздің бірі. Жамал Созақ аудандық пробация қызметіне тіркеуге тұрған кезден бастап-ақ, сот жүктеген міндетті қалтықсыз орындап, ескерту алмауға тырысатын. Тұрмысқа шыққанан кейін, өзінің тұрғылықты мекен-жайының ауысқанын да бізге бірден ескертті. Соңғы уақытта Жамалдың мінезінің өзгергенін байқадым. жадырап күліп жүретін қыз, ашушаң, тұйық болып кетті. Оның бұлай өзгеруінің себебін сұрағанымда отбасылық жағдайын айтып, екі көзіне ерік берді. Содан кейін, Жамалды психолог маманымен және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторымен тілдестірдім. Және де оның отбасына барып енесі мен күйеуіне мән-жайды түсіндіріп айттым. Отбасында туындаған кикілжің сотты болған адамның жүйкесін жұқартып, қайта қылмыс жасауына себеп болатыны белгілі. Жамалдың тағы да қателікке бой алдыруының алдын алу шараларын қарастырып, оған психологиялық көмек көрсетілді, — деді пробация қызметінің аға инспекторы А.Кәдірбекова.

Алайда, шет елдерде әрбір отбасының өз психологы бар. Яғни, олар үй болып бала тәрбиесінде жүрсе де психологтың кеңесін алуға дағдыланған. Өкінішке орай, ауыл тұрғандары психолог маманының кеңесіне жүгінуді ұят санайды. Ал, осы маманның кеңесі отбасында туындаған қаншама дауды шешіп, ажырасқалы отырған екі адамды қайта табыстырды.

Әрине, ұрыс-керіс әрбір отбасында болады. Қазақта «ыдыс аяқ сылдырамай тұрмайды» деген сөз бар. Қазіргі таңда жастар әрбір сөзді өзіне жақын қабылдайды. Әсіресе, қылымыс жасап сотты болғандар. Олар өздеріне жасалған психологиялық шабуылға қарсы тұра алмай қалады. Сонымен қатар, ұрыс үстінде ерлі-зайыптылар бір-біріне бұрын көрсетпеген мінездерін көрсетеді. Себебі, олар бір-біріне өкпе-назын және ренішін жеткізеді. Екі адамның мінезінің келіспеушілігінің салдарынан ұрыс туындайды. Турасына келгенде, оларды тоқтатуға әзіл-қалжыңның да әлі келмей қалады. Ерлі-зайыптылар өздеріне жақтастар жинауға кіріседі. Олар ата-анасын, балаларын, туыстарын, достарын шақырады. Әрқайсы өзінің ісінің дұрыстығын айтып, бір-бірінен жеңілгісі келмейді. Сондай-ақ, олар өш алып, есесін жібермеудің амалын жасап, қит еткенді жіпке тізіп, сыныққа сылтау іздейді. Әрине, мұндай ұрыс-керіс екі жанның жүрегін жаралап, ортаға сызат түсіреді. Татуласқан күннің өзінде бітеу жарадай сыздап, ойдан тұратыны жасырын емес. Қазақ «айтылған сөз, атылған оқпен тең» деп бекер айтылмаған. Әрбір сөзді ойланып айтпағанның салдарынан қаншама ерлі-зайыптылар ажырасып кетіп, балалар әкесіз өсіп келеді.

Ұрыстың бұл түріне маскүнемдік, отбасына опасыздық, тұрақсыздық, дөрекілік пен өшпенділік, отбасы мүшелеріне балаларына деген немқұрайлылық өз міндетіне жауапкершілікпен қарамаудың салдары себепші болатындықтан, татулық та оңайлықпен қайта орын алмайды. Солай бола тұрса да, отбасы татулығын сақтаудың жолдарын таба білуге тырысу керек. Әрине, шыдамдылықпен және ақылмен жүзеге асыруға болады. Тұрмысқа шаққан әрбір әйел, отбасындағы кикілжіңнің бәріне төтеп беруге дайын болып келеді. Шыдамдылық, төзімділік пен ақылдылық бақытты отбасының кепілі. Бізге келіп өзінің мұңын шаққан әйелдердің құқығын қорғау біздің басты мақсатымыз. Жамалмен және оның отбасының мүшелерімен сөйлесіп, оның жағдайын түсіндіріп айттық. Алдағы уақытта жас келіншекке жекіріп сөйлеу, нұқып жіберу фактілері орын алмайды деген үміттемін, — деді Созақ аудандық полиция бөлімсі ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Айжан Манапова.

Отбасында зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған әйелдердің саны азаяр емес. Мұндай жағдайдың орын алуы өзіміздің салғыртығымыздан болар. Себебі, нәзік жандылар отбасында қанша қысым көрсе де тағдырының салғанына салып үн қатпай жүре береді. Қазақта «әйел қырық жанды» деп бекер айтпаса керек. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» деген нақыл сөзді алға тартатын әйелдер де бар. Бақытты отбасының кілті екі адамның сыйластығынан, түсініспеншілінен және бір-бірін құрметтеуінен басталады. Үй ішінен шаңырақ көтерген жастарға ата мен ене қолдау көрсетіп отырса нұр үстіне нұр болар еді.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...