12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Біздің мақтанышымыз нартай мен Жанболат!

Полиция қызметкерлерінің қиын да қызықты қызметін абыроймен атқара білуі үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Иә, темірдей тәртіпті сақтап, ел тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етуде полиция қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жүгін арқалау да оңай емес. Ұстамды болуы, адамдармен араласа білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Бүгінде осындай қасиеттерді өн бойынан кездестіретін полицейлер де аз емес. Осы ретте біз Қазақстан Полиясының 30 жылдығына орай медаль, грамота және алғыс хат алған сақшылар жайында сөз етпекбіз. Пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандарды тәрбиелеу мен олардың қоғамнан өз орнын табуына өзіндік үлесін қосып жүрген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нартай Сабаев және Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов туралы айтуды жөн көрдік.

«Қайрымдылық жасасаң қайырын өзің көрерсің». – дейді біздің кейіпкеріміз Нартай Сабаев. Ол пробация бақылауына алынған сотталған жандардың отбасына көмек қолын сосып алғысқа бөленіп жүрген жанның бірі.

Әрине, қиындыққа тап болған әрбір адамға қолымнан келгенше көмек беруге дайынмын. Бұл әрбір адамның басты міндеті. Қиындыққа тап болып, жылап отырған ананың мұқтажына бей-жай қарай алмадым. Себебі, ата-анам бала кезімізден «көмек сұраған адамнан теріс айналма, керсінше қолыңдағы барыңды берсең де қол ұшын бер» деп айтып отыратын. Бұл менің жомарттығым емес, ата-анамның бірген тәрбиесі, — деді әділет майоры.

Ол 2018 жылы Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы қызметін атқарады. 2019 жылы пробация қызметі бөлімінің бастығы лауазымын атқарып келеді. Өзінің қызметі жайында әңгіме қозғаған кезде Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайтынын тілге тиек етті Нартай.

Нартай пробация қызметінде тұрған сотталғандардың қоғамнан өз орнын табу үшін жасаған еңбегі де зор екен. Осы кезге дейін біршама тіркеуде тұрған азамат өзінің кәсібін ашып, отбасын асырап келеді. Енді, бірі тұрақты жұмысқа орналасып, адал еңбегімен нан тауып жүргендері де қаншама. Жаңғдайы төмен және көпбалы отбасыларға азық-түлік және қажетті заттарын алып беріп келеді. Бүгінде Нартайдың аудан халқы үшін жасаған игі ісін Мақтаарал ауданының тұрғындары аңыз етіп айтып отырады. Оның қарапайымдылығы мен мейірімділігін мақтааралдықтар балаларына үлгі етеді. Аудан тұрғындары Нартайды көрген сайын алғыстарын айтып, оның жұмысына сәттілік тілейді. Себебі, қателікке бой алдырып қылмыс жасаған қаншама азаматтар түзеліп келеді.

Нартай ішкі істер органында еңбек етіп жүргеніне он екі жылдан асты. Осы уақыт ішінде көптеген істерді атқарып келеді. Аз уақыттың ішінде басшылық тізгінін де ұстады. Қазіргі таңда, Мақтаарал аудандық пробация қызметінің жұмысын жақсарту мақсатында аянбай еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Нартай жары Ақеркемен бірге бір ұл, төрт қыз тәрбиелеп отыр.

Мен үшін басты міндет еліме, халқыма адал қызмет ету. Бұл менің азаматтық борышым. Мен үшін елдің алғысынан биік марапат жоқ, — дейді әділет майоры.
Нартайдың он екі жылғы еңбегі еленіп, «Қазақстан Полициясының 30» медальмен марапатталды.

Қызметімді адал атқару парызым

Екінші кейіпкеріміз жайында сөз қозғар болсақ, ол – Түркістан қаласының тумасы. 39 жастағы аға инспектор Жанболат Абдрахаманұлы 1991 жылы Түркістан қалалық М.Әбенов атындағы жалпы орта мектепті бітіргеннен кейін арман қуып, Оңтүстік Қазақстан ашық университетінің, «Заңгер» факультетіне түседі. Сөйтіп оқуды аяқтап, 2006 жылы Түркістан облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаментте инспектор қызметінен еңбек жолын бастайды. Содан кейін, Түркістан қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында кеңесші қызметіне ауысады. Бала кезінен бері сақшы болуды армандаған Жанболат 2011 жылдан бастап Түркістан қалалық пробация қызметінде инспектор болып қызмет атқарып келеді. Осылайша халық алдында жауапкершілігі мол жұмысын бастайды. Бір жылдан соң аға инспекторы болып ауысады. Ал, бүгінде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін аға инспектор болып қызмет атқаруда. Осы кезге дейін бірнеше алғыс хат пен грамоталармен марапатталды. Қазақстан Полициясының 30 жылдығына орай Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбековтың қолынан алғыс хат алды.

Бауыржанның ойынша, бұл салада қызмет ету үшін өжеттілікпен қатар, жауапкершілік те бойдан табылуы тиіс екен.

– Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалау оңай шаруа емес. Біздің қызмет адамнан қажыр-қайратты, ерлікті, табандылық пен сабырлылықты қажет етеді. Себебі, өзгеден тәртіпті талап ету үшін өзіміз тәртіпті болуымыз керек. Ішкі істер саласында қызмет етуді ер баланың басым бөлігі армандап өседі ғой. Мен де кішкентай кезімнен құқық қорғау органында қызмет етуді армандаған едім. Сол мақсатыма жеттім. Бүгінде Түркістан қалалық пробация есебінде тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылғандардың мінез-құлқын түзетуге оны әлеуметке қосу, босатылған адамды әлеуметке бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында еңбек етудемін, – дейді әңгіме барысында Жанболат.

«Өмірдің мәні адал әрі адамгершілікті болу» деп білетін екі кейіпкеріміз бүгінде порбация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға әртүрлі көмек көрсетіп келеді. Олардың әрқайсысына жеке бағдарлама жасап, олардың жұмысқа орналасуына, медициналық көмек немесе білім алуына да үлес қосуда. Осылайша, темір тордан босап шыққан адамның әрі қарай қоғамға бейімделіп, өмірден өз орнын табуына септігін тигізуде.

– Бізде, жұмыс талабы қатал, босаңсып, осалдық танытуға болмайды. Бұл жұмысқа кіргелі бері көптеген адамдарды кездестірдім, бірталай оқиғаларды бастан өткердім, бірақ, осы мамандықта істеп жатқаныма еш өкінбеймін. Керісінше, еліміздің азаматы, ер жігіт ретінде полиция қатарында жұмыс істеп жүргенімді мақтан тұтамын, – дейді Нартай Сабаев.

Болашаққа деген ұшқыр арман-қиялдарына бірте-бірте қол жеткізіп келе жатқан талапты әділет майоры мен аға инспекторының алдағы мақсаты халқына, еліне адал қызмет ету болып табылды. Рухты, өршіл, намысты пробация қызметкерлері Нартай мен Жанболат жас қызметкерлерге үлгі көрсетіп, осынау абыройлы да аса жауапты қызметтің биігінен көрінуіне тілектеспіз!

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...