12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жезқазған әкімі қызметінен кетті

Қайрат Әбсаттаров Жезқазған әкімі қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп құрмет көрсетті.

Қайрат Әбсаттаров 1966 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша; 1998 жылы — О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша; 2018 жылы — «МИСиС» Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек етті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген, Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысының лауазымын атқарды, сонымен бірге көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР бірнеше министрліктерінде комитет төрағасы болды, одан кейін Қазақстан Республикасының премьер-министрінің канцеляриясын, Өңірлік даму департаментін басқарды.

2019 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары — басқарма мүшесі болды.

2020 жылы тамызда Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды.

Қайрат Әбсаттаров «Құрмет» орденімен марапатталған.

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...

АКЦЕНТ – НА ОПЕРЕЖАЮЩИЕ ПОДХОДЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕМ ПРАВИТЕЛЬСТВА №1117 ОТ 19 ДЕКАБРЯ 2025 ГОДА В...

ПОЧЕМУ МЫ БОЛЬШЕ НЕ ЧУВСТВУЕМ ПРАЗДНИКИ?

ПРАЗДНИК РЕДКО ОПРЕДЕЛЯЕТСЯ ВНЕШНИМИ АТРИБУТАМИ, ХОТЯ ИМЕННО ОНИ ЧАЩЕ...

ОБ ОБРАЗОВАНИИ И КУЛЬТУРНОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ

5 января 2026 года Президент Республики Казахстан Касым -Жомарт...

СТРАТЕГИЯ: КУРС В ЭПОХУ ИИ

Объявление 2026 года Годом развития цифровизации и искусственного интеллекта...