Қарағанды облысының әкімі балалары қайда оқитынын айтты

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек балаларының жалпы білім беретін орта мектептерде оқығанын, Қазақстанның білім беру жүйесіне сенім артатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сұрақ сіздің балаларыңызға қатысты. Жақында білім министрі Саясат Нұрбек балалары Кипрде оқығанын айтты. Айтыңызшы, сіздің балаларыңыз қандай мектепте оқыды? Оларды өзіңізбен бірге Қарағандыға алып келдіңіз бе және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне сенесіз бе», — деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Жеңіс Қасымбек үлкен балалары Нұр-Сұлтандағы №9 орта мектепте оқығанын, ал кіші ұлын қызметке тағайындалғаннан кейін өзімен бірге Қарағандыға алып келгенін айтты.

«Сенемін. Үлкен балаларым сол кезде (Жеңіс Қасымбек 2019 жылы облыс әкімі болып тағайындалғанда. — Автор.) мектеп бітіріп жатқан. №9 өте жақсы мектеп. Ал Қарағандыда, бір қалада жеті жоғары оқу орны бар, онда 30 мыңнан астам студент оқиды. Жалпы, Қарағандыдағы білім беру жүйесі еліміз бойынша үздіктердің бірі деп есептеймін», — деді әкім.

Еске салайық, бұған дейін жаңа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары неге Кипрде орта білім алғанын айтқан болатын.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...