12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жетісу облысының әкімі балалар шығармашылығы мекемелеріне микроавтобустар сыйға тартты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

Президент бұл туралы: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп атап өткен болатын.

Осыған орай, бүгін Талдықорғандағы Оқушылар сарайына және Текелі қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығына жас өркеннің игілігіне қызмет ететін жаңа микроавтобустардың кілті берілді. Бұдан былай балалар түрлі конкурстарға, жарыстарға, экскурсияларға осы шағын автобустармен тасымалданатын болады. Жаңа көліктердің кілтін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев табыстады.

Өздерің білесіңдер, Мемлекет басшысының шешімімен биылғы жыл «Балалар жылы» деп жарияланды. Барлық жақсылықты, игілікті біз өздерің сияқты кішкентай бүлдіршіндерге ұсынамыз. Еліміз жаңа даму жолына бет алды. Жаңа Қазақстанды өркендететін өздеріңсіңдер. Оқушылар сарайында көптеген үйірмеге қатысасыңдар, Жетісу жерінің табиғаты көркем, баратын, көретін жерлері көп. Сондықтан біздің жеткіншектер Жетісудың әдемі жерлерін аралап, саяхат жасап, мәдениет мекемелеріне, театрлар мен спорт сарайларына баруы үшін микроавтобус сыйлауды жөн көрдік, – деді Б.Исабаев.

Бұдан әрі облыс басшысы Оқушылар сарайының жұмысымен танысты. 3D-модельдеу мен робот құрастыру зертханасында, үй шаруасына бейімдейтін шеберханада болып, мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған музей бөлмесін, көркемсурет, хореография және ІТ-кластарын, планетарий залын аралап көрді. Сол сияқты кеме құрастыратын шеберхана, шахмат, тау туризмі, робототехника кабинеттерінде болып, балалармен тілдесті.

Жалпы бүгінгі күні Талдықорғандағы Оқушылар сарайында 8 бағыт бойынша 44 үйірме жұмыс істейді, оларда 2200-ден астам бала тәлім алуда.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...