Нариман Төреғалиев Сенатта комитет төрағасы болып сайланды

Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес комитет төрағасы депутаттардың ұсынысы бойынша депутаттар арасынан сайланады», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сенатор Нұртөре Жүсіп депутат Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын ұсынды.

«Сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне ұсынамын. Нариман Төреғалиев өзінің еңбек жолын совхозда жұмысшы болып бастаған, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. БҚО-ның бірқатар шаруашылығында жұмыс істеді, Теректі, Ақжайық аудандарында басшылық қызметтер атқарды, Орал әкімі болды. 2017 жылы алтыншы сайланған Парламент Сенатының депутаты, Сенаттың тұрақты комитетінің хатшысы болып сайланды. Біз Нариман Төреғалиевті іскер ұйымдастырушы, мақсатқа ұмтылған басшы, жауапты маман ретінде жақсы білеміз. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, әлеуметтік-мәдени, ғылыми салаларға қатысты мәселелерді жақсы біледі, білімді, білікті, ұстамды. Қолдау көрсетуіңізді сұраймын», — деді сенатор Жүсіп.

Депутаттар Төреғалиевтің кандидатурасын қолдап, оны Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы етіп сайлады.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...