22 C
Алматы
Суббота, 9 июля, 2022

Алматы облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі оңалту орталығының балаларына сыйлық табыстады


Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Ал бұл тұрғыда балалардың көңіліне қуаныш сыйлау — бір ғанибет, әрі аса сауапты іс.

«1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүздеген балаға сыйлық табыстады. Осылайша оңалту орталығының кішкентай емделушілері сыйлыққа кенелді.

Алматы облысы бойынша жемқорлықпен күрес қызметінің ұжымы «Күншуақ» облыстық балаларды оңалту орталығында болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Жылы сөздерін жаудырып, ізгі тілектерін білдірген департамент қызметкерлері балғындарға мереке барысында алып келген сыйлықтарын табыстады. Ал 9 жасар Амина сыйлықтан бұрын мейірімді жандардың ыстық ықыласын асыға күткенін айттып, мәз-мейрам болды.

Департамент басшылығы еліміздің ертеңгі тірегі — бүгінгі бүлдіршіндер екенін айта келе, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім, жемқорлықсыз жарқын болашақ сыйлау әр азаматтың міндеті екенін тілге тиек етті. Айта кетейік, оңалту орталығында 5 тен 14 жас аралығындағы, жүйке жүйесінде ақауы бар жүздеген бала емделуде.


Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости