12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бір тамшы қанның құдіреті

Қазіргі таңда жылына бір келетін донор күнін күтпей қан тапсырып, донор болуға ниетті жандардың қатары көбейіп келеді. Бір тамшы қанмен өзгенің өмірін құтқаруға сеп болатындығын түсінетін жандардың санының артқаны көңіл қуантады. Бір тамшы қанның өзі бір адамның өмірін құтқарады.

Мамандардың айтуынша, бір рет қан тапсырған донор орта есеппен үш адамның өмірін сақтап қалады. Көмекке зәру жандарға қол ұшын беру, қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлау, оларға қолдау көрсету, әр адамның бойында мейірімділік, қамқорлық таныту қасиеттерін қалыптастыру, сонымен қатар емдік мекемелерді қауіпсіз қан және оның компоненттерінің жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері мен «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» бірлесіп «Бір тамшы қанның құдіретті» атты арнайы акциясы өткізілді.

Ұйымдастырылған игі іс-шараға қалалық пробация қызметінің ұжымы ерікті түрде белсене атсалысты. Қан тапсырған соң қызметкерлерге шәймен тәтті үлестірілді.
Қан орталығы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, донорлық шараға 8 қызметкер қан тапсырды. Жалпы қорытынды бойынша аталған шара аясында 3 литр 600 гр қан жиналып, қан орталығының қорына өткізілді. Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері алдағы уақытта жылына екі реттен қан өткізуді жоспарлауда.

Қан донорлығы – адамның қанды ерікті түрде тапсыру шарасы. Мұндай қадамды мақтаныш ретінде қабылдауға болады. Өйткені сіз игі іс қана жасап қоймай, донор болуға жарамды адамдардың қатарына кіресіз. Яғни қазіргі өмір салтыңыз өзіңізді дені сау адам деп атауға лайық. Ал дені сау адам болу қашан да үлкен бақыт болып табылады! Біреуге қан беру арқылы ағзада қан жаңаланып тұрады. Оның үстіне сіздің қаныңыз басқа бір адамның өмірін құтқарып қалады. Мен бүгін қан тапсырдым және де өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Жыл сайын 2 рет қан тапсырамын, — деді Түркістан қалалық прообация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Мұрат Құрбаналиев.
Сондай-ақ, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мамандары қан тапсырудың он артықшылығын атап өтті. Бірнеше адамның өміріне араша түсетін игі іс жасағанынды білгендіктен туындайтын қуаныш пен бақыт сезімі басты себептерінің бірі болып табылады. 1 рет қан тапсырған донор 3 адамның өмірін құтқарады.

Екіншіден, донорлар – міндетті түрде тексеруден өтеді, яғни өз қан тобын біледі, В және С гепатиттері, мерез, АИТВ инфекциясының маркерлеріне зерттеу үшін тегін текссеріледі.

Үшіншіден, қанды тапсырған кезде ағза қан жасаушы органдарының қызметін ынталандырады, сол арқылы қан құрамы жаңартылады, адамның жалпы жай-күйін жақсартады, еңбекке қабілеттілігін арттырады.

Төртіншіден, тұрақты донорлық семіздіктің алдын-алады, жаңа алынған қанның бір донациясы барысында адам 650 ккалды, плазма донациясы кезінде – 470 ккалды жоғалтады. Әйелдер үшін бұл жас, әдемі және сымбатты болудың тағы да бір таптырмас жолы.

Бесіншіден, ерлер – өздерін ер ретінде сезінудің тағы да бір жолы. Сонымен қатар, ерлер артериялық қан қысымының көтерілуіне жиі душар болады, донорлық – қан қысымын, сондай-ақ жүрек пен тамыр ауруларының қатер-қаупін төмендетеді.

Алтыншы, қанның жаңаруы, өз кезегінде, асқазан-ішек жолдары, оның ішінде бауыр ауруларының баға жетпес профилактикасы. Нәтижесінде донорлардың бет әлпеті жақсарады, ал терісі жарқыраған және таза болады.

Жетіншіден, донорлықты ағзаны қанды болжалды жоғалтуға жаттықтыру ретінде қарауға да болады. Тұрақты донор ауқымды қан кету жағдайында төзімді болады, өйткені олардың қан тапсырмаған адамға қарағанда, қан кету реакциясы жаттықтырылған.

Сегізінші, қан донорлығы онкологиялық ауруларға шалдығудың қауіп-қатерін төмендетеді.

Тоғызыншы, қан донорлығы салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс және толыққанды тамақтануды, спортпен шұғылдануды, өз денсаулығын күтуді, дәрі-дәрмектерді қажетсіз ішпеуді, жаман әдеттерден бас тартуды болжамдайды.

Оныншы, қан тапсыру адам өмірін 5-7 жылға ұзартады екен.

Медицина қызметкерлері қан тапсыру қайырымдылықтың маңызды және қолжетімді түрі екенін еске салады. Донорлар қанының арқасында дәрігерлер миллиондаған қазақстандықтардың өмірін сақтап қалады. Донор болу үшін қызметкерлерге мұндай акциялардың өткізілуін күтудің қажеті жоқ, Қазақстанның қан қызметіндегі жетекші ұйымға – облыстағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына тікелей жүгінуіне болатындығын да атап өтті.

Қан тапсыру да саупты іс. Қан тапсыру арқылы өзгенің өмірін құтқарып қалуға тырысқанымыз абзал. Ал шариғат тұрғысынан алсақ, мұсылман бауырыңа қаныңды беріп, көмектесу өте сауапты іс болмақ. Сол себепті бұған мүлдем тыйым салынбайды. Осындай саупты істі дәстүрге айналдырсақ нұр үстіне нұр болары анық.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...