12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандық маман IFSEC Global Influencers 2022 конкурсының жеңімпазы атанды

Халық банкінде киберқауіпсіздік бойынша аналитик болып істейтін Жания Ахметова Ones to Watch номинациясында оқ бойы озып шығып, IFSEC Global-да жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық атанып отыр.

Соңғы жылдары қауіпсіздік индустриясында тың инновациялар жүзеге асырылып, жаңа өнімдер пайда болды. Осыған байланысты IFSEC Global Influencers 2022 байқауы да түрлі елдердегі қауіпсіздік секторы мен өрт қауіпсіздігі саласында еңбек ететін талантты әрі жетекші мамандарды табуға бағытталып отыр.

Әділқазылар алқасы өкілдерінің айтуынша, биылғы конкурсқа әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген адам қатысқан. Сондықтан, бәсеке аса тартысты өтті. Ал Жания Рахметова IFSEC Global конкурсына Қазақстан атынан жалғыз қатысып отыр.

Конкурс парақшасында атап өтілгендей, «Жанна КИМЭП университетін тәмамдаған, бухгалтерлік есеп бойынша бакалавр біліктілігі бар. Ол Францияда оқуға мүмкіндік беретін Абай – Верн стипендиясына ие болып, Лилль-1 ғылым және технология университетін жаһандық электронды бизнес саласының магистрі дәрежесінде бітіріп шықты. Оқу кезінде ол киберқауіпсіздікпен танысып, қызығушылығы артып, нәтижесінде осы бағытқа жұмыс істеп жүр. Бұған дейін Жания телекоммуникациялық компаниялардағы жобаларда жетекшілік етсе, енді киберқауіпсіздікке баса мән береді. Қазіргі таңда ол Халық банкінде киберқауіпсіздік бойынша аналитик болып істейді және Қазақстандағы киберқауіпсіздік саласында еңбек етуді қалайтын қыз-келіншектерге көмектеседі. Сонымен қоса өмірдің бағытын өзгертуден қорықпай, арманға табандылықпен жетуге үндейді, қазақстандықтарды жалпы қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік туралы сауатты арттыруға шақырады».

Атап өту керек, биыл инфлюнсерлер номинациясы бірнеше санатқа бөлінген. Олардың қатарында қауіпсіздік қызметінің жетекшілері, қауіпсіздік тобының менеджерлері, ғылыми қызметкерлер, жеткізушілер/орнатушылар/интеграторлар (орнату немесе нақты жобалар бойынша, технологиялық инновациялар бойынша үлгілі жұмыс істеп жүргендер), киберқауіпсіздік мамандары мен пікір көшбасшылары деген санаттар бар. Айтқандай, конкурс ережесіне сай, Fire – One to watch саласында бақ сынаушылар осы салада кемінде 5 жыл еңбек етуі тиіс болды.

Конкурсқа қатысушылар екі кезеңде сынға түсті: алдымен IFSEC Global аудиториясының номинанттары шақырылды, одан кейін түрлі саладан іріктелген әділқазылар әр номинация бойынша ұпай берді. Номинацияға ұсынылғандар ғана төрешілік процесіне қатыса алатын еді.

Қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі бойынша IFSEC Global Influencers 2022 әділқазылар өкілдерінің айтуынша, бұл конкурстағы жеңіс қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі салаларын дамытуда тынымсыз еңбет етіп жүрген мамандардың талантын бағалау болып саналады.

Лондонда өтетін Security & Fire Excellence Awards марапаттарын тапсыру рәсімінде қауіпсіздік саласындағы кезекті жыл жеңімпазы анықталады. Жеңімпаз қауіпсіздіктің алғашқы бес санатындағы беделді мамандардың арасынан таңдалады.

Зарина Қозыбаева

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...