12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жүйедегі жаңашылдықтар қызмет сапасын жақсартуда

Уақыт талабы адамзаттың алдына үнемі жаңа міндеттер қойып, соған орай дамуды қажет етеді. Бұл тұрғыда Қазақстан соттарының даму бағыты айқын. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, заңды мүдделерін әділ қорғау мақсатында жүзеге асырылған реформалар бүгінде соттар қызметін барынша оңтайландырды.
Мәселен, сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялар өз кезегінде Қазақстан халқын әлемдік пандемия кезінде де құқықтарын сот арқылы қашықтықтан қорғай алу мүмкіндігіне ие етті. Сондай-ақ, озық технологияларды қолдануда жеткен жетістіктер сот жүйесінің халықаралық рейтингтердегі позициясын жақсартты.
Бүгінде соттар жұмысы барынша ашық әрі қолжетімді. Азаматтық процестік кодекспен судьялардың іс материалдарын жинау бойынша өкілеттіктері кеңейді. «Сот төрелігінің жеті түйіні» аясында қоғам мен сот арасында тиімді қарым-қатынас қалыптасып, татуластыру рәсімдері жан-жақты дамытылды. Мұнымен қатар, сот шешімдерінің жазылу нысаны өзгеріп, олардың бірізділігі қамтамасыз етілді. Осы тұста айта кетерлігі, бірінші және апелляциялық саты судьяларына өздері қабылдаған сот актілерін түсіндіру міндеті заңмен жүктелді. Қызмет сапасын жақсартып, заң үстемдігін қамтамасыз етуде сот жүйесінің жұмысы жаңа белеске көтерілді
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында Президент «Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналуы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмылдыруы арқасында ғана қол жеткізуге болады» деген болатын. Осы талап үддесінен шығуда судьялармен қатар барлық сот қызметкері, атап айтқанда, кеңсе меңгерушісі, сот мәжілісінің хатшылары, мамандар, сот приставтары, т.б. жұмыла жұмыс істеуде.
Елімізде сот төрелiгiн тек судья жүзеге асырады. Сондықтан, соттың мәртебесі әрқашан да биік. Мәселен, судья сот саласындағы басты тұлға. Адам тағдырын таразылау ар-ұждан алдындағы жүгі ауыр жауапкершілік десек, «Қара қылды қақ жарып» шешім шығару оңай емес. Дегенмен, дана билердің жалғасы – қазіргінің қазылары сот төрелігін әділ жасау арқылы халық сеніміне ие болу мен қоғамымызда әділдікті орнату жолында аянбай еңбек етуде.
Бұған Қазақстан соттарының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі көрсеткіштері дәлел. Ресми мәліметтерге сүйенсек, «Азаматтық сот төрелігі» құқық үстемдігі индексінде 50-ден 40-орынға, «Қылмыстық сот төрелігі» бойынша 70-тен 58-орынға, ал, «Doing business» рейтингісінің «Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» көрсеткішінде позициямыз 9-дан 4-орынға жақсарған.
Мұны айтып отырғанымыз, биылғы 24-маусым қазылар қауымдастығы мен сот саласының қызметкерлері, сондай-ақ, ардагерлері үшін айрықша күнге айналмақ. Өйткені, осы жылдан бастап соттар 30 жыл бойы күткен төл мерекесін алғаш рет тойлайды.

Нақтырақ айтсақ, Үкіметтің  №183 қаулысымен мерекелік күндер тізбесі 13-1-тармақпен толықтырылып, 24-маусым – Судья және сот қызметкері күні болып бекітілді. Бұл күн заң үстемдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, адам құқығы мен бостандығын, заңды мүддесін қорғауға қосып жүрген үлестері үшін соттарға құрмет ретінде бағаланады.
Төл мерекенің 24-маусым болып таңдалу себебін «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» заңмен байланыстыруға болады. Аталған заңға 1992 жылдың 24-маусымында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыратынын нақтылап берген болатын. Содан бері сот жүйесі заманауи жаңғырудың бірнеше кезеңінен өтіп, игілікті істердің алдыңғы шебінде келеді.
24-маусым біз үшін айтулы күн. Алматы қаласының Алмалы аудандық №2 соты судьялар қауымы мен сот қызметкерлерін осынау мәртебелі мерекемен құттықтайды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Айнұр Бақытжанқызы,

Алмалы аудандық №2 сотының
кеңсе меңгерушісі
Алматы қаласы

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...