12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарады

Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарап, Еуропада вирусты ең көп жұқтырғандар Ұлыбританияда тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Англияда індетке шалдыққандардың жалпы саны елу жетіге жетті. Лондонның Челси ауданында орналасқан клиниканың онға жуық қызметкері науқаспен байланыста болғандықтан шұғыл оқшауландырылды. Жалпы Испания, Португалия, АҚШ және Австралияда вирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Тізімде Шотландия мен Дания да бар. Жалпы әлемде инфекцияның жүзге жуық жағдайы тіркелген.

Маймыл шешегінің негізгі белгісі теріде бөртпе пайда болады, қызу көтеріліп, әлсіздік сезіледі. Егер бойыңыздан инфекцияның қандай да бір белгілері байқалса, шұғыл дәрігерге жүгіну керек. Розамунд Льюис, ДДСҰ шешекпен күрес ұйымының бөлім басшысы

Мамандар қоғамдық орындарда ауру тез жұғады дейді. Яғни науқас адам жөтеліп немесе түшкірген жерде, ол пайдаланған затты қолданған жағдайда маймыл шешегін жұқтыру ықтималдығы өте жоғары.

Дәрігерлер вирус туралы ақпарат әзірге аз болғандықтан мейлінше сақтанып жүруге шақырады. Еуропада жағдай бақылауда және соншалықты қауіпті емес. Мамандар қарапайым шешекке қарсы вакцина қорын молайту қажеттігін айтады, себебі ол маймыл шешегіне де қарсы тұра алады дейді.

Қызылордада Антикор еріктілері жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері Қызылжарма кентінің Ы.Жахаев,...

Сотрудники УИС Алматинской области поздравили ветеранов тыла

День Победы над фашистской Германией во Второй Мировой войне...

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыл еңбеккерлерін құттықтады

1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңген күн...

В ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ ПРОДОЛЖАЕТСЯ АКЦИЯ «МӨЛДІР БҰЛАҚ»

В декаде «Мөлдір бұлақ» республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»...