12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Гендерлік теңдік – заман талабы

Гендерлік саясаттың даму тарихының шығуы XIX ғасырда басталды деп есептеуге болады. Батыс Еуропа жəне АҚШ елдерінде екі жыныстылардың теңдігі туралы феминистік қозғалыс пайда болды. Бұның негізгі бағыты — əйелдердің сайлау құқығы туралы күрес болды.  XX  ғ. 60-  шы  жылдары  жаңа  гендер  ұғымы  пайда болды.  Ғылымда  осы  кезде «гендер» ұғымына анықтама беріле бастады. Онда биологиялық жынысы негізінде қоғамда қалыптасқан əйел мен еркектің əлеуметтік рөліндегі ерекшелігі ретінде қарастырған. Гендірлік ерекшеліктің негізі мынада жатыр: ерлердің бастауы- үстемдік ету, ал əйелдер – бағынушы.

Гендерлік саясатты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде жүзеге асыру экономиканың, әлеуметтік саланың дамуымен, әйел мен ердің тең құқығының конститутциялық принциптерімен қамтамасыз етілген. Гендерлік компоненттердің қоғам өмірінің барлық саласына белсенді қатысуы гендерлік теңдікке қол жеткізуге үлкен мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ, қоғам гендерлік саясатты тек қағаз жүзінде ғана емес, сонымен қатар қоғамның өзімен қоғамдық ұйымдар, БАҚ және т.б. арқылы жүзеге асыру тиіс екендігін түсінуі қажет.

Айта кету керек, әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір істің қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері белгілі. Бұл елімізде әйелдер қауымының гендерлік теңдікке біршама қол жеткізгендігін білдіреді. Дегенімен, гендерлік теңдікке толықтай қол жеткізу үшін заңнамалық құжаттардың күші жеткіліксіз, өйткені бұған негізінен халықтың менталитеті мен дәстүрлі түсініктер де ықпал ететіні сөзсіз.
Бүгінгі таңда əйелдердің азаматтық белсенділігі байқалады, бұның негізгі көрсеткіші əйелдер қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар санының өсуі болып табылады. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары гендерлік саясаттың индикаторы деп айтуға болады. Тəуелсіздікті алумен Қазақстанда бұқаралық əйелдер ұйымының құрылу процесі қарқынды өсуде.

Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың, мүгедек аналардың құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Бұрын саясатқа ер адамдарға қарағанда əйелдер саяси тəжірибелері аз денсаулық сақтау, білім салаларынан келетін болатын, соңғы кездерде жағдай өзгерді, қазір саясатта саяси тəжірибесі өте жоғары заңгер, бизнесмен əйелдер саны өсіп келеді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған т

ергеу сотының жетекші маманы

Қ.Сақтағанова

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...